• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Былтыр Қазақстанға 16 670 адам көшіп келді

323 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 ақпан. Былтырғы жылы елімізге 16 670 адам көшіп келді. Бұл туралы Көші-қон полициясы органдарының ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. 2014 жылғы мәліметпен салыстырғанда елімізге көшіп келушілер 0,7%-ға азайған.  Ал, елімізден көшіп кеткендер саны, керісінше, 3,9%-ға көбейген. Былтыр Қазақстаннан 30 080 адам көшіп кеткен.  Елімізге көшіп келгендердің көбісі ТМД елдерінің азаматтары. Қазақстаннан көшіп кеткендер де негізінен ТМД елдеріне барған.  Ел ішіндегі жағдайға келсек, халықтың көбісі Алматыға көшкен.  Былтыр Алматы қаласына 41 927 адам қоныстанған.  Екінші орында Ақмола облысы тұр. Астаналық облысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3633 адам көшіп келген. Бұл ресми түрде тіркелгендер ғана. Өткен жылы Қостанай облысына 1075 адам, Маңғыстау облысына 575 адам, Павлодар өңіріне 336 адам көшіп келсе, Батыс-Қазақстан облысында 184 адам ресми түрде тіркелген. Дастан Кенжалин. Дерек: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. Сурет: egemen.kz