• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Ақмола соты адам өлтірушіні 14 жылға түрмеге жапты

252 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 16 ақпан. Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді деген айып тағылған азаматтың ісін қарап, оны 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Сот анықтағандай, спирттік ішімдікті ішу кезінде азамат Т. пен танысы екеуі өзара сөзге келіп, артында жанжалдасып қалған. Бұған олардың бұрын араларындағы болған кикілжіңді еске алып, бір-бірлеріне кінә артулары алып барған. Осы ұрыс-керістің барысында басталып кеткен төбелесте Т. бөтелкелесін ұрып жығып, аяғымен аяусыз соққылаған. Осыдан кейін ешқандай қарсылық көрсете алмаған танысын басынан ұра бастайды. Осы соққылардың нәтижесінде танысы оқиға орнында қайтыс болады. Сот үкімімен азамат Т. Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігімен («Адам өлтіру») кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегi түзеу колониясында 14 жыл мерзімге отыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, одан жәбірленушінің пайдасына 3 000 000 теңге моральдік зиян өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола облыстық соты баспасөз қызметі.