• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Жасөспірімдер Олимпиадасы. Қоржынға тағы бір медаль түсті (фото)

506 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 ақпан. Бүгін Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. Мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева екі жаттығу қорытындысы бойынша 167,88 ұпай жиып, қола медальді мойнына тақты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Олимпиада «алтыны» 186,04 ұпай жиған ресейлік Полина Цурскаяға бұйырса, күміс жүлдеге оның отандасы Мария Сотсковая қол жеткізді. Марияның көрсеткіші – 169,50 ұпай. Бірінші жаттығу – қысқа бағдарламадан кейін 16 жастағы Элизабет 59,11 ұпаймен екінші орында тұрғанын атап өткен жөн. Ал бірінші орында 60,87 ұпаймен жапон қызы Юна Шираива тұрды. Алайда, еркін бағдарламада лайықты өнер көрсете алмаған ол жалпы есепте 4-орынға табан тіреді. Айта кетейік, осымен Лиллехаммердегі жасөспірімдер Ойынында Қазақстан спортшылары екінші қола медальді қоржынға салып отыр. Бұған дейін биатлоннан 6 шақырымдық спринттік жарыста сынға түскен Арина Пантова да Олимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: lillehammer2016.com.