асыраушысы жоқ жетім балаларға берілді
Соңғы үш жылда Павлодардағы асыраушысы жоқ 273 бала баспанамен қамтылды. Сондай-ақ, 5 студент 9 ай бойы Мальта елінде білімдерін жетілдіріп келді. Бұл жайында облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковский өңірлік қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.
– Бүгінде жастар үйіндегі барлық тәрбиеленушілер арнайы курстардан өткізіліп, кәсіби маман ретінде еңбекке тартылуда. Әрине, бұл орайда жастардың жұмысқа орналасуына аймақтағы депутаттардың тікелей ықпалы болды. Сондай-ақ, жетім балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келген 18 отбасы өтініш берді, – деді мәслихат хатшысы.
Сонымен қатар, депутат Мальта елінен білім алып келген 5 студент жайлы да айтты. «Олар – деді, В.Берковский – кәсіби маман ретінде шеберліктерін шыңдап келді. Білімдерін жетілдірді. Енді бұл жастар Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді. Жалақы алып, өз күндерін өздері көріп жүр».
Төребек ТҰРМАНОВ.