• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

«Жаңғақ тал»

928 рет
көрсетілді

Франциядағы кинофестивальдан екі бірдей жүлдемен оралды Соңғы уақытта Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картиналардың ішінде «Жаңғақ тал» фильмі кө­ңілге жылы шуақ ұялататын жақ­сы туындылардың қатарынан табылған еді. Кинематография саласынан хабардар жандар өткен жылы режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің осы «Жаңғақ тал» фильмі Ко­рея­дағы Пусан фестивалінде көр­сетіліп, әлемдік премьерасы жүр­генін бі­леді және ол сол додада да New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында жүлдеге ие болған-ды. Енді, міне, қазақстандық кинокартина Везульде өткен (Франция) Азия киносының ХХІІ халық­аралық кинофестивалында екі бір­дей жүлдеге ие болды. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің картинасы халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесі мен кино сын­шыларының арнаулы жүлдесін жеңіп алды. Везульдегі бұл кинофестиваль Францияда ғана емес, Еуропада көптен бері өткізіліп келе жатқан ауқымды азиялық кинофорум болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облы­сының Ленгір қаласында түсі­ріл­ген «Жаң­­ғақ тал» фильмі – кә­дімгі отба­сылық қарым-қаты­нас­тарға құ­рылған туынды. Ірік­теу комиссия­сы конкурстық көр­сетілім үшін атал­мыш картинаны үздік азиялық кинотуындылар арасынан таңдап алған болатын. Фестиваль аясында француз кө­рермендеріне ұсынылған «Жаң­ғақ тал» фильмінің көрсе­тіліміне режиссер Ерлан Нұрмұхам­бетов­тің өзі де қатысқан. Қазақстандық туындыға бәсе­келес ретінде Қытай, Жапония, Оң­түстік Корея, Иран, Филиппин және Түркия елдерінің 8 кинокартинасы ұсынылған. Солардың ара­сында жеңіп шыққаны – «Жаңғақ тал». Ал фестиваль аясында бар­­лығы 90-нан астам фильм көрсе­тілген. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алматы.