• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Марсқа ұшу қауіпті екен

641 рет
көрсетілді

Ресей ғалымдары Марс­қа ұшу мә­селесін уақыт­ша тоқтату керек деп санайды. Ресейдің жер маг­нетизмі, ионосфера және радиотолқындарды тара­ту институтының ғалы­м­дарының айтуынша, Күн жүйесіндегі галактикалық ғарыштық сәуле шығару көбейген сайын Марсқа ұшу адам өміріне қауіпті. «Қазір біз Күн жүйесінің ішкі бөлігінде магнит өрісінің белсенділігінің азаюына байланысты галактикалық сәуленің 15-20%.-ға көбейіп жатқанын байқап отырмыз. Бұл адамның өміріне қауіпті. Оған ғарыш кемесі жақындаса жанып кетуі мүмкін. Сондықтан әзірге Марсқа ұшуды ойламас бұрын алдымен қауіпсіздік жағын ескеру керек», дейді олар. 2009 жылы Күн жүйесінің 11 жылдық кезеңі басталғаны белгілі. Осыған байланысты күннің айналасында неше түрлі өзгерістер болып тұрады. Мысалы, төрт жылда бір рет күнде дақтар көбейіп, оның белсенділігі артады. Одан кейін күннің дақтары азайып, магниттік өрісі қайта тарылады. Рүстем ЖҰМАН.