Вашингтон қаласында өткен Америка бірлескен ғылымды дамыту ассоциациясында ғалымдардан құралған зерттеуші топ қатерлі ісіктің жаңаша емдеу жолын таныстырды.
Онкологиялық зерттеу орталығының дәрігері Стэнли Ридделдің айтуынша, адам ағзасында генетикалық өзгерістерге ұшырап, қатерлі дертті жеңе білетін Т-лимфоциті болады. Міне, сондықтан да науқас өз дертімен күресе білсе, аталған жасушалар ағзадағы ісік пайда болған жасушаларды жойып жібереді.
– Науқасты дертінен айықтыратын жаңа жол гендегі жасушалар биосинтездік сүзгіден өткенде, ағзадағы онкологиялық ісік өздігінен жойылады. Ол үшін науқас өз өмірімен күресуі керек дегенді ұсынамын, – деді дәрігер.
Айта кетейік, Ридделдің тобы ұзақ зерттеу жүргізу барысында жаңашыл емнің нәтижесінде науқастың ағзасындағы қатерлі ісіктің 94 пайызы жойылып кеткен. Сондай-ақ, қаралушылардың 80 пайызына жақсы деген қорытынды шығарылған.
– Менің пайымдауымша, жаңашыл терапияны қабылдап, өз дертімен күрескен науқастың өмірі айтарлықтай ұзарады. Ол үшін 4-5 ай мерзімде клиникалық сынақтан өтіп, дәрігердің емін алуы керек, – деді Риддел. Сондай-ақ, ол медициналық терапияда науқас Т-лимфоцитін қабылдап, ішкі түйсігіне ісік жасушалары жойылады, дертіме ем болады деген ойды сіңіруі тиіс. Сонда адам ағзасы үлкен өзгеріске ұшырап, қатерлі дерттен айығады, деді.
Милан қаласындағы сынақ клиникаларының бірінде 10 науқас жілік майына трансплантация жасату үшін иммунитетті күшейтетін ем ретінде Т-лимфоцитін қосқан. Ал ағзадағы аталған жасуша 14 жыл бойы өзінің күшін жоймай келеді. Қорыта келгенде, бұл генетикалық иммунитетті арттыратын жасушалар онкологиялық дертті жеңуге қауқарлы екенін медицинада дәлелдеді.
Ғалымдар дәстүрлі химиятерапияның орнын жаңашыл Т-лимфоциті болашақта алмастырады деп үміттенеді.
Төребек ТҰРМАНОВ.