• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Отанды сүю сурет арқылы бейнеленеді

541 рет
көрсетілді

«Мен Қазақстанды сүйемін». Осыдай тақырып аясында «Ақ жол» демократиялық партиясы ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына орай суреттер байқауын жариялады. «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов жаңа жобаның тұсау­кесерінде аталған байқаудың мән-маңызына тоқталды. – «Ақ жол» партиясы бүгін­нен бастап ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мен Қа­зақстанды сүйемін» атты сурет байқауын жариялайды. Бай­қауға қатысушыларға жас жағынан шектеу қойылмайды: мектеп оқушысынан бас­тап егде жастағыларға дейін қа­тысуларына мүмкіндігі бар. Оған қоса, байқауда фотосурет саласында ғана емес, сондай-ақ, қылқаламға әуес жандардың да бақтарын сынауларына болады. Яғни, сурет өнерінің әр­қилы жанрдағы шығармалары қабылданады, – деді ол. Әбдіразақ Кенжекбекұлының айтуынша, байқау ел Тәуел­сіздігінің мерейтойына арна­лып отырғанымен, та­қы­рып­тық тұрғыдан еркін шығар­ма­шылықты көздейді. Байқауға қатысушы әрбір талапкер өз туындысында Отанын, мемлекетін, елін ардақтауды қай тұрғыда бейнелейді, қандай ұғымдармен байланыстырады, қалай жеткізуге тырысады – мұның бәрі олардың шығармашылық ой-қиялына барып тіреледі. Яғни, шы­ғармашылық шабыт еркін елді қалай ардақтайтындығымен астарласады деген сөз. Қысқасы, әрбір талапкердің туындысы Отан­ды сүю шығармашылық тұрғыдан қаншалықты сәтті, табысты бейнелегендігімен баға­ланады. Оны білікті мамандардан құрылған арнайы комиссия қарап, үздік суреттерді іріктейді. Байқау бір айға созылып, оның қорытындысы 18 наурызда шы­ғарылады. Байқау барысында іріктеліп алынған үздік суреттер сайлау кезіндегі партияның имидждік өнімдерінде пайдаланылатын болады. «Егемен-ақпарат».