• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Қазақстан халқы Ассамблеясы

593 рет
көрсетілді

сайлайтын депутаттарды сайлау үдерісі қалай жүзеге асырылады? Кеше Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау тәртібі туралы брифинг өткізді. ОСК мүшесінің хабардар ет­кеніндей, Қазақстан халқы Ас­самблеясы сайлайтын Мәжіліс де­путаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары Ортсайлаукомның 2016 жыл­ғы 20 қаңтардағы отырысында бекі­тілген. Аталған жоспарға сәйкес Мәжіліс депутаттығына кан­ди­даттарды ұсыну 20 ақпан­­да басталып, 29 ақпанда аяқ­та­лады. Ал Қазақстан халқы Ассам­блеясы сайлайтын Мә­жі­ліс депу­таттығына канди­даттарға қойы­латын талаптар­дың партиялық тізім­дер бойын­ша сайланатын Мә­жіліс депу­таттығына канди­дат­тарға қойы­латын талап­тардан айыр­машы­лығы жоқ. Кан­ди­даттар­ды ұсы­ну құқығы Қазақстан халқы Ассам­блеясына сессиялар ара­сын­дағы кезеңде басшылық ете­тін және қазіргі уақытта 67 адам­­нан тұратын ҚХА Кеңесіне тиесілі. «Кандидаттарды тіркеуді Орт­­сайлауком 29 ақпан - 5 наурыз аралығындағы кезеңде жүр­­гі­зеді, – деді Т.Охлопкова әрі қа­рай. – Ассамблея сайлайтын Мә­­жіліс депутаттығына канди­­даттар сайлау жарнасын төле­­мейді және сайлау қорын құр­­майды. Ассамблеяның жоғары бас­қа­рушы органы – сес­сияны Қазақ­стан Республи­касының Прези­денті шақырады. Сес­сияны ша­қыру туралы өкім оның баста­луына 30 күн қалғанда қабыл­дануы тиіс, ол ту­ралы бұқаралық ақпарат құрал­дарында хабарла­нады. Сессия жұмысына ҚХА мүше­лері жал­пы санының кемін­де үштен екі бөлігі қатысқан жағ­дайда сес­сия заңды деп саналады. Оған қатысқан мүшелердің жарты­сынан көбі дауыс берген жағдай­да сессия қабылданды деп есеп­теледі. Осы күнге Қазақстан халқы Ассамблеясының құра­мында 446 мүше бар». Дауыс беру үдерісіне дауыс беруге арналған пункт ҚХА сессиясы өтетін ғима­ратта орналасады және сессия жұ­мысы басталғанға дейін бір сағат бұрын ашылады. Дауыс беруге арналған пункт­те халықаралық және қазақ­стандық байқаушылар, бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ, ҚХА сайлай­тын Мәжіліс депутат­тығына кандидаттардың сенім біл­дірілген адамдары болуға құқылы. Сес­сияда Астана қала­сының қала­лық сайлау комис­сиясының төр­ағасы дауыс беру тәр­тібін түсіндіргеннен кейін Ассам­блея мүшелерін дауыс беруге арналған пунктке шақы­рады. «Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге, басқа адамдар үшін дауыс беруге болмайды. Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушылар тізі­мі­нің негізінде сайлаушының жеке өзіне оның жеке басын куә­ландыратын құжатын ұсынғанда беріледі, – деді Т.Охлопкова. – Дауыс беру және дауыстарды санау аяқталған соң, қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасап, қол қояды. Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүше­лерінің 50 пайыздан аста­мы дауыс берген кандидат­тар сайланған деп саналады. Сессия қалалық сайлау комис­сиясының төрағасы дауыс бе­ру қорытындылары туралы хат­таманы жариялағаннан кейін жа­былады. Қалалық сайлау ко­мис­сиясының хаттамасы Орт­сай­лаукомға екі күннен – 22 нау­­­рыздан кешіктірмей ұсы­нылуы тиіс». ОСК мүшесінің айтуынша, Мәжілістің сайланған депутаттарын Ортсайлауком тіркейді. Конс­титуцияға және еліміздің заң­дарына сәйкес Парламент депутатының мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерін доғару туралы Ортсайлаукомға ұсынған өтініші Мәжіліс депутаттарын тіркеу үшін міндетті шарт болып табылады. «Жалпы, еліміз бо­йынша, Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындыларын Орт­сайлауком 27 наурыздан кешік­­тірмей белгілейді, ал сайлау қорытындылары туралы ха­бар БАҚ-та 2016 жылғы 30 нау­­рыздан кешіктірмей жария­лана­ды. Бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында сайлау қорытын­дылары жарияланғаннан кейін Орт­сайлауком Парламент Мәжі­лісінің сайланған әр депутатына куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырады», – деді Т.Охлопкова. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».