• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

«Ауыл» жауапты науқанға дайын

329 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Жиында партияның сайлау науқанындағы үгіт-насихат жұмыстарына дайын екендігі айтылды. Брифингте «Ауыл» партия­сының республикалық қоғамдық штабы тарапынан сайлау нау­қанына дайындық бағытында бірқатар шаралар атқарылғаны белгілі болды. Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Рүстем Жоламан мәлім еткендей, барлық аймақтық штабтардың жұмысы ширай түскен. Штаб мүшелері үгіт жұмыстарын жүргізудің ереже-талаптарын біліп, қыр-сырына қаныққан, сондай-ақ, заңгерлер штаб қызметкерлеріне «Сайлау туралы» Заң талаптарын түсіндірген. «2016 жылдың 4 ақпанында «Ауыл» партиясының рес­пуб­ликалық қоғамдық штабы құрыл­ды. Сол күннен бастап шта­бы­мыз күндіз-түні жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Дәл осындай қоғамдық штаб біздің өзге де облыс, аудандарымызда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Республикалық қоғамдық штабқа партияның белгілі мүше­лері мен қоғам қайраткерлері, үкі­меттік емес ұйымдардың басшылары, қоғам белсенділері енген. «Ауыл» партиясының рес­пуб­ликалық қоғамдық штабының бас­ты мақсаты – сайлау науқанын тиімді ұйымдастыру, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау және түсіндіру. Сонымен бірге, сайлау қорын қалыптастыру, қордағы қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын қадағалау және сенім білдірілген адамдар мен Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің жұмыс жоспарын дайындау штаб­тың негізгі міндеттеріне жатады. Бұл жұмыстардың барлығы бүгінде штаб тарапынан жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, сайлау науқаны кезінде қандай да бір заң бұзушылықтар орын алмауы үшін штабымызда осы жылдың 10 ақпанында барлық аймақтағы штаб жетекшілері мен мүшелеріне арналған онлайн-тренинг өтті. Тренингте заңгерлер «Сайлау туралы» Заңның негізгі талаптарын түсіндіріп берді. Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарына қатысты заңнамалық шектеулер туралы да айтылды. Бұған қоса, үгіт-насихат жұмыстарына қажетті көрнекі құралдарды арнайы белгіленген орындарға жа­быс­тыру, билбордтар ілу, үнпа­рақтар тарату талаптары жайлы да толық түсіндірілді», – деді рес­публикалық штаб жетекшісі. Сонымен қатар, Р.Жоламан бар­лық аймақтық штабтарға үгіт-наси­хаттық өнімдер, плакаттар мен үнпарақтар, партияның сай­лауал­ды бағдарламалары қажетті мөл­шерде толық жеткізілгенін атап өтті. «Барлық аймақтық штабтарға қажетті үгіт-насихат материалдары жеткілікті деңгейде берілді. Сол үшін біз 16 мың плакат, 16 мың үнпарақ, 3200 дана партиямыздың сайлауалды бағдарламасын басып шығардық. Бұлардан бөлек, біз логотип басылған кеудеше­лер, бас киімдер, жалауша, мойын­ора­ғыштар дайындадық», – деді ол. Сондай-ақ, брифингте үгіт-наси­хат науқаны басталған кез­де партия өкілдері барлық аймақ­тарды аралап, еңбек ұжымдары­мен кездесулер өткізіп, флеш-моб­тар және түрлі акциялар ұйым­дас­тыруды көздеп отырғаны сөз болды.