• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Қабылдау кестесі құрылады

437 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы туралы аймақтармен селекторлық отырыс өткізілді. Іс-шараға Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Абылайхан Оспанов, қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмажан Жүкенов, партияның Орталық аппараты заң қызметінің консультанты Арнұр Шегибаев және аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілері қатысты. «Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кестесі қабылданып, медия-жоспар бекітілді. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде сенімді өкілдер мен депутаттыққа кандидаттардың сайлаушыларды қабылдау жұмысын үйлестіретін 16 аймақтық және 208 аумақтық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелері құрылмақ», – деді А.Оспанов. Сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарын ұйымдастыру, міндеттерін айқындау туралы сөз қозғаған Жұмажан Жүкенов, біріншіден, сайлау науқаны кезінде партияның қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау бөлмелері Астана мен Алматы қалаларында және облыстарда, аудан орталықтарында құрылып, жұмыс атқаратынын жеткізді. «Қоғамдық қабылдау бөл­ме­лерінің бір ғана қаржы көзі – сай­лау қорының қаражаты. Қоғам­дық қабылдау бөлмелері – қоғам­дық штаб аппаратының құрылым­дық бөлімшесі. Олардың негізгі міндеттері – партияның сайлауалды бағдарламасының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тұрғындар арасында сайлау заңдылықтарын түсіндіру мен сайлауға қатысуға шақырып, үгіт-насихат жұмыс­тарын ұйымдастыру. Сайлау науқанына дайындық пен оны өткізу барысында заңды­лық­тардың сақталуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинап, оны талдау жұмыстарын ұйым­дастыру. Бұл – біздің негізгі мін­дет­теріміз. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің филиалдары өз жұмыстарын кестеге сәйкес атқарады», – деді Ж.Жүкенов. Сондай-ақ, ол сайлау науқаны кезінде қоғамдық қабылдау бөлмелері партия ғимараттарында ғана орналасатындығын, ал егер, партия кеңселерінен тыс ғи­ма­раттарда болса, ол тек келісімшарт арқылы ғана жүргізілуі тиіс екен­дігін атап өтті. «Қоғамдық қабыл­дау бөлмелерінің мемлекеттік ұйым­дар мен білім беру мекеме­лерімен бір ғимаратта жұмыс атқару­ларына тыйым салынады», – деді қабылдау бөлмесі меңгеру­шісінің орынбасары. Жиын барысында сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сайлау науқанына әзірліктері тексеріліп, әдістемелік нұсқаулықтар және заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың сөздеріне қарағанда, сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелері заңнамаға сәйкес жұмыс істеп, сенімді тұл­ғалар мен депутаттыққа канди­дат­тардың сайлаушыларды қабыл­дау кестесін құрастырып, қабыл­дауларын ұйымдастырмақ. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».