• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Toyota автоконцерні ақауы бар 3 миллион көлікті кері қайтарды

269 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 ақпан. Жапонияның Toyota автоконцерні қауіпсіздік белдігінен шыққан ақауға байланысты 2,87 миллион көлікті кері шақырды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шақырылғандар қатарында Жапония аймағына тараған 2005-2014 жылдары шыққан RAV4 және 2005-2016 жылдары шыққан Vanguard үлгілері бар.  Сондай-ақ, ақауы бар көліктердің 1,1 миллионы АҚШ аймағына таралған болса, Еуропада 625 мыңы бар. Қытайда 434 мың, Жапонияда 177 мың және қалған 307 мың көлік өзге де мемлекеттерге сатылған. Үш миллионға жуық шақырту алған көліктің орындығындағы металдық тіреуге байланысты қауіпсіздік белдігі дұрыс орнатылмағаны анықталды. Бұл қателіктің салдарынан жолаушылар апат кезінде қатты зардап шегуі мүмкін. Компания басшылығы бұл ақаудың бар екенін Toyota көлігінің екі жүргізушісі жол апатына ұшырағаннан кейін ғана білген. Айта кетейік, ақпан айының басында Toyota автоконцерні АҚШ-тағы 320 мың көлікті кері шақырған. Қауіпсіздік жастығының еш себепсіз іске қосылып кетуінен компания осындай қадамға барды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: carrrsmag.com.