• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Атырауда бір күнде 555 пәтер берілді

225 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында бой көтерген тұрғын үйлерден 555 отбасыға пәтер берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында бой көтерген 11 тұрғын үйден 555 пәтері кезекте тұрған отбасыларға берілді. Бір күнде жаңа баспана алғандардың ішінде 1 Ұлы Отан соғысының ардагері, 17 ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас, 29 әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы, 57 мемлекеттік қызметкер мен бюджеттік мекемелер өкілдері бар. Ал 450 отбасы тұрғын үй алу үшін салымшы атанып, кезекке тұрғандар екен. Олардың 218-і төлем қабілеті барлар санатына жатса, 232-і арнайы банктің салымшысы болған. Осылайша, Атырауда бір күнде 555 пәтер иелері қуанышқа бөленді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.