• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Ақтөбеде жас таланттар байқауына іріктеу туры аяқталды

319 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 18 ақпан. Ақтөбеде биыл 17-рет өткізілетін «Айналайын-2016» жас таланттар конкурс-фестиваліне облыс балалары арасындағы іріктеу туры аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жыл сайын республикалық байқаудың өрісі кеңейіп, қатысушылардың қатары көбейіп келеді. Биылғы іріктеу турына қатысуға облыстың шалғайдағы Шалқар, Байғанин, Ойыл, Хромтау сияқты аудандарынан және қала мектептерінен үмітін үкілеген 500-ге жуық бала өтініш берген екен. Вокал, хореография, театр, аспаптық, бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер аталымы бойынша іріктеуден сүрінбей өткен 262 бала байқауға жолдама алды. «Айналайын-2016» фестивалі биылғы 26-28 наурыз аралығында Еуразиялық топтың құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының Металлургтер мәдениет үйінде өтеді. Оған «Қазхромның» филиалдары Павлодар қаласынан Ақсу ферроқорытпа зауыты, Ақтөбеден Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Қарағандыдағы «Қазмарганец» кен басқармасының балалары да қатысып, бақ сынайды. «Айналайын-2016» жас таланттар конкурс-фестивалінің іріктеу турына қатысқан жас таланттардың өнерлерін білікті мамандар бағалап, келесі кезеңге жолдама берді. Өнер додасының шешуші сынында нағыз мықтылар анықталатын болады», – дейді Металлургтер мәдениет үйінің әдіскері Айнұр Кыстаубаева. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.