• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2016

«Хабар» телеарнасында «Зәуре» сериалы басталды

452 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 22 ақпан. «Хабар» агенттігі сериалдар өндірісінің отандық нарығының дамуына өз үлесін қосуда. Телеарнада көктемгі тұсаукесердің бірі – «Зәуре» телесериалы көрсетіле бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Зәуре» – Күлбике туралы ертегі телехикаясының желісімен ұштасады. Жаңа телесериалда өгей шешенің қыспағына әбден шыдап келген қыз түптің түбінде тамаша адамға жолығып, бақытты болады. Телехикаяда ауылда туып-өскен Зәуре есімді жас қыз туралы баяндалады. Жұрт жақсы білетін «Золушка» ертегісінің қазақстандық нұсқасының кейіпкерін «Одни из нас», «Нархоз» және «Он и Она» сияқты жобаларға қатысқан белгілі Динара Бақтыбаева ойнайды. «Он и Она» фильміндегі рөлі арқасында Динара жұртшылыққа кеңінен танылған. «Бұл барлық қиыншылықтардан ханзада құтқаратын Күлбикенің оқиғасы емес. Біздің оқиғада менің кейіпкерім бәріне өз күшімен, жігерлігімен, талантымен қол жеткізеді», – деді Динара Бақтыбаева. Сонымен сценарий авторы «Сұрбойдақ», «Осторожно, корова!», «Тракторшының махаббаты», «Коктейль для звезды», «ВУЗеры» сияқты жобалардың авторы Асқар Ұзабаев. Ал режиссері «Махаббатым жүрегімде 2» сериалын түсірген Ернар Нұрғалиев. Сондай-ақ телехикаяда Нұрлан Төреханов, Венера Нигматулина, Айнұр Ниязова, Жандос Айбасов, Артур Төлепов, Камалия Байтөлеуова ойнайды. Айнаш Есали. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.