Еліміздегі саяси партиялар сайлау науқанының екінші кезеңі – үгіт-насихат жұмыстарына да жан-жақты дайындалып келді деп санаймын. Өйткені, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын әр қырынан сапалы етіп әзірлегені айқын көрінеді. Сондықтан, осы кезеңнің де тығыз әрі қызықты өтетініне еш күмән жоқ.
Тұтастай алғанда, менің алдағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау Қазақстанды әрі қарай жаңғыртудың факторы қызметін атқарады деп қорытынды жасауыма алғышарт жеткілікті.
Юрий БУЛУКТАЕВ,
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері.