• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Халықаралық кеңестің алғашқы отырысы

245 рет
көрсетілді

Кеше Жоғарғы Сотта Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ, Әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды. Оның жұмысына Халықаралық кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың және Астана қаласы сотының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, сондай-ақ, Қазақстан Судьялар одағының басшылығы қатысты. Кеңестің шетелдік мүшелерінен Дубай Халықаралық қаржы орталығы соттарының тіркеушісі, Сот әкімшілігі бойынша халық­аралық қауымдастықтың пре­зиденті Марк Биир, Корея Рес­публикасының «Юльчон» заң ком­паниясының өкілі Хвачжун Ли, «Бейкер и Маккензи – Си-Ай-Эс Лимитед» компаниясы филиа­лының директоры, «Шетел инвес­торларының қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының хатшысы Куртис Мастерс қатысты. Бұған қоса, отырысқа Дубай Халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы Дэвид Стил сарапшы ретінде шақырылды. Отырысты ашқан Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми кеңес мүшелерін Жоғарғы Сот жа­нындағы Халықаралық кеңес­тің құрамына сайлануымен құт­тықтап, кандидаттарды іріктеу кезінде олардың заң саласындағы және сарапшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі мен беделінің ес­керілгендігін атап өтті. «Өткен жыл еліміздің сот жүйесі үшін Мем­лекет басшысы «100 нақ­ты қадам» Ұлт Жоспарында айқын­­даған міндеттерді іске асы­руға бағытталды. Енді қазақ­стандық сот жүйесінің алдын­да сот төрелігінің, соның ішінде, ин­вестициялық және ком­мер­циялық даулар саласына озық халық­аралық стандарттарды енгізуге байланысты жаңа міндеттер тұр», – деді Қ.Мәми. Жоғарғы Сот жанынан Ха­лық­аралық кеңес құру және оның бірінші отырысын өткізу Ұлт Жос­парының 25-қадамын тәжі­рибе жүзінде іске асыру болып та­­былады. Жоғарғы Сот Төрағасы отырыс қатысушыларына айтқан сөзінде: «Жоғарғы Сот Кеңес мү­шелерінен қазақстандық сот­тар­дың тәжірибесіне, норма­шы­­ғармашылық қызметіне, сондай-ақ нақты инвестициялық даулар бойынша сот төрелігінің халықаралық стандарттарын одан әрі енгізу мәселелері бойынша сапалы сарапшылық қорытындылар күтетін болады», – деп атап өтті. Бүгінгі кеңеске қатысушылар бар­лық мәселелер бойынша ха­лықаралық тәжірибеге сүйене оты­рып, сындарлы пікір алмасты. Қатысушылар әзірлеген ұсы­­ныстар отырыстың хатта­ма­лық шешімдерінде көрініс тауып, сот қызметін одан әрі жетіл­­діру жөніндегі ұсыным ретін­­де қолданылатын болады. Жо­ғарғы Соттың ресми ин­тер­нет-ресурсының «Халық­ара­­лық ынтымақтастық» айдары шең­берінде «Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық ке­ңес» атты қосымша парақ ашыл­ды. Кеңес жұмысы туралы бар­лық қажетті материалдар осы айдар­да үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) орналастырылады. Еске сала кетейік, Жоғарғы Соттың ағымдағы жылғы 15 қаң­­тарында өткен жалпы оты­ры­сының қаулысымен Халықаралық кеңес және оның құрамы туралы ереже бекітілді. Кеңес отандық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәсе­лелері бойынша сарапшылық кон­сультациялар береді. Белгілі қазақ­стандық ғалымдардан бөлек, оның құрамында беделді шетел­дік заңгерлер де бар. Кеңес­ті Жоғарғы Сот Төрағасы басқа­рады. Оның мүшелері бір жыл мер­зім­ге сайланады. Отырыс жылы­на кемінде екі рет өтетін болады. «Егемен-ақпарат».