• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Қостанайда «Титан» серіктестігінің өндіріс аумағы өртенді

245 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 23 ақпан. Қостанай қаласындағы «Титан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңынан өрт шықты. Бетін, қолын, денесін күйік шалған күзетші жарақат таңу бекетіне жеткізілді. Бұл туралы top-news.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өрт түнде басталған. Оқиға болған жерге облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, құқық қорғау органдарының басшылары бірінші болып жетті. Өндіріс алаңында МАН ауыр жүк машинасы мен екі автомобиль цистернасы жанып еткен. Өртті сөндіруге көп күш жұмылдырылды. Нәтижесінде түнгі сағат 23:45 шамасында қызыл жалын толық сөндірілді. Абырой болғанда, адамдар аман. Алдын ала болжамдар бойынша, өрт өндірістегі технологияны пайдаланудың бұзылуынан шыққан. Қазіргі таңда материалдық шығындар анықталуда. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: top-news.kz.