• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Қазақстандық бишілер Ресейде өткен жарыста жеңіске жетті

370 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 23 ақпан. Көкшетаудың бишілері Ресейдегі Самара облысы губернаторының «Жемчужина Поволжья» спорттық би кубогын сарапқа салу жарысына қатысып, 3 алтын, 2 қола медельді жеңіп алды. Бұл туралы «Ақмола медиа орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 14-ші рет сарапқа салынып отырған үш күндік губернатор кубогының. «Спорттық-көпшілік шаралары» деп аталатын бірінші тобында бүлдіршін бишілер сынға түссе, «Жоғары спорттық жетістіктер» аталымындағы екінші бөлімде жалпыресейлік рейтинг деңгейіндегі спортшылар арнайы жүлдені сарапқа салды. Тартысты бәсекеде жартылай финал мен финалға шыққан саңлақтар еуропалық баяу вальс пен фокстрот, танго, Вена вальсі және латын-америкалық самбо, ча-ча-ча, румба, пасодобль, джайв билерін орындады. Мұнда Көкшетаудағы Эльмира Шарипованың жетекшілігіндегі «Реверанс» спорттық-би клубының мүшелері тамаша көрсеткіштерге жетті. Атап айтқанда, «Ювеналы» аталымы бойынша Абай Зейнолла мен Дарья Никифирова ең үздік көрсеткішті иемденді. Сондай-ақ, Владислав Максин мен Меруерт Ермекова, Нұрбек Сұлтанов пен Алина Бондаренко жұптары І орынға көтерілсе, Богдан Ручка мен Далида Тсенова қола медальді жеңіп алды. Ал, «Жастар» тобында өнер көрсеткен Дмитрий Шувалов пен Мәдина Аманжолова қола медальмен марапатталды. Жалпы, барлық топтық жарыстарға Көкшетаудан келген 20 топ қатысты. Бақберген Амалбек. Сурет, дерек «Ақмола Медиа Орталығы» баспасөз қызметі.