• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Әр қазақстандықтың болашақ зейнетақысы 15 пайызға өсті

265 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 ақпан. Әр қазақстандықтың болашақ зейнетақысы 15 пайызға өсті. Бұл туралы almaty.tv сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстандықтар 5 триллионнан аса теңге зейнетақы жинақтады. Ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірісі 760 миллиард теңге болды. Инвестициялауға арналған жүздеген миллиард теңге салымшыларға бөлініп берілді, осындай жолмен әр қазақстандықтың болашақ зейнетақысы 15 пайызға өсті. Зейнетақы активтерін біріктіру, сонымен қатар теңге бағамына енгізілген түзетулер мен қордың теңгенің бір бөлігін шетелдік валютамен ұстап отыруының арқасында пайда түсірді. «Зейнетақы активтерінің жұмысынан күнделікті табылатын инвестициялық кіріс, қазір бар жинақталған сомамен теңдей дәрежеде күн сайын әр салымшылардың есепшотына бөлінеді. Сіздер зейнетақы жарнасын неғұрлым көбірек төлеген сайын, жинақталған сомаларыңыз жоғары болса, соғұрлым инвестициялық кіріс сонымен тең дәрежеде есепшоттарыңызға аударылып отырады», – деді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Руслан Ерденаев. Қазір Қазақстан ынтымақтастық зейнетақы жүйесінен жинақтауыштық жүйеге өтіп жатыр. Яғни 2020 жылдан бастап, жасы жеткендердің зейнетақысы өзінің қаншалықты аударғанына байланысты болады. Егер осы аралықта жинақтайтыны жеткіліксіз болса, өз еркімен қосымша есепшот ашып, сонда қаражат аударып отыруына мүмкіндік бар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арнайы есеп жүргізді: 30-40 жыл бойы тұрақты түрде ақша салып отырса, онда еліміз бойынша зейнетақы шамамен орташа айлықтың 40 пайызын құрамақ. Қаңтар айында ол 127 мыңға жетуі мүмкін. Аян Әбдуәли. Дерек: almaty.tv. Сурет: azattyq.org.