бойынша қазақстандық зауыт халықаралық нарыққа шығуда
Үстіміздегі жылы қазақстандық «Семей инжиниринг» АҚ зауыты халықаралық нарыққа шығуды жоспарлауда. Отандық кәсіпорынның бұл бағыттағы жоспарына Т-72 танктерін, жаяу әскердің жауынгерлік машинасы (БМП-1) мен стандартты және жаңғыртылған БТР-70 бронды транспортерлерін іске асыру кіреді.
Зауыттың халықаралық нарыққа шығуы дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен бірге, кәсіпорын Қазақстан Қарулы Күштері үшін жаңа тапсырысты іске асыруға әзір. Бүгінгі күні мүлік жеткізушілермен келіссөздер өткізілді және ресейлік «Уралвагонзавод» ҰӨК-пен, украиналық «Укрспецэкспорт» ААҚ-пен келісімшарт жасалды, сондай-ақ, «140-шы жөндеу зауыты АҚ-пен (Белоруссия) және «Қазимпекс» ЖШС-мен шарт жасасу бойынша келіссөздер өткізілуде.
Жақын арада Қазақстан Қарулы Күштерінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде кәсіпорынмен алдағы өндірістік және технологиялық үдерістерді игеру және өндірістік жоспарды нақтылау жөнінде үстіміздегі жылға арналған жұмыс жүргізіледі.
Бүгінде «Семей инжиниринг» – «Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың еншілес кәсіпорны. Ол бронды танк техникасын күрделі жөндеуден өткізетін және конверсиялық техниканы дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір зауыт болып табылады. Оның қызметінің негізгі түрлері жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын, бронды транспортерлерді күрделі, орташа және регламенттік жөндеу, танктерді, жауынгерлік барлау-десанттық машинасын, т.б. жөндеу болып табылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, Т-72 танктерін жаңғырту, әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы күрделі жөндеумен және дайындаумен айналысады.
Бүгінгі күні зауытта 600-дей адам жұмыс істейді.
«Егемен-ақпарат».