• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Аңыз болған «Айгүл»

456 рет
көрсетілді

ансамблінің әншісі Галина Қарамолдаеваның ұстаздық еткеніне – 50 жыл Галина Қарамолдаева дегенде, ең әуелі 1968 жыл­дың 8 нау­рызында тек қана қыз­дардан құрылған «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің тал­шыбықтай бұралған әнші қы­зы көз алдымызға елестейді... Сонымен, Қазақ мем­лекет­тік қыздар педа­гогикалық уни­верситеті өткен ғасыр­дың жет­­пісінші жылдары аты дүр­­кі­реп шыққан «Айгүл» во­кал­ды-аспаптық ансамблінің әнші­сі, ұлағатты ұстаз Галина Қарамолдаеваның 70 жылдық мерейтойы мен ұстаздық қыз­метінің 50 жылдығын бар сән-салтанатымен тамаша атап өтті. Қыздар университетінде өт­кен айтулы шараға М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының ар­тистері мен Т.Жүр­­генов атындағы Өнер академиясының студенттері де қосылды. Өйткені, Галина Қара­мол­­­даеваның театрдағы жұмысы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясымен тығыз байланысты. Өнегелі өмірін ұстаздықпен һәм өнермен ұштастырған Галина Жұмабекқызы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүние есігін ашқан. Әже қолында өскен қыз гармон тар­тып, халық әндеріне ғашық бола бас­тайды. Бала арманмен Қызылорда педагогикалық училищесінде оқып жүргенде музыкаға әуестігі арта түседі. Сосын білімін киелі шаңырақ Қыздар университетінің Өнер және мәдениет факультетінде жалғастырады. «Айгүл» вокалды-аспаптық ан­самблінің мүшесі Галина Қарамолдаева құраммен бір­ге «Гүлдерайым», «Тек қа­на қыздар», «Қамажай», «Қара­көзайым», «Алматының алмасы», «Бәрінен де сен сұлу» сынды әдемі әндерді шарықтата шырқағаны да күні кеше. Ансамбль қыздарының есім­дері республикаға танымал болумен қатар, шетелдерге шығандап шыға келді. Сонымен қатар, Галина Қарамолдаева әуелетіп ән шырқаса, ансамбль құ­рамындағы Ағайша Исағұлова баян тартып, екеуі өзінше жұп болып, «Қос қарлығаш» деген атпен тағы көзайым болып, ха­лық жүрегінен орын алды. Өз кезінде жоғары бағаға ие болған бұл ансамбльдің аты бүгінде алтын әріптермен сақтаулы. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».