• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Ерекше әсер алдық

403 рет
көрсетілді

«Тұран – Астана» университетінде осы оқу ордасының студенттеріне Кеңес Одағының Ба­тыры, Халық Қаһарманы, сынаушы-ұш­қыш, зерттеуші-ғарышкер, генерал-майор, техника ғылымдарының док­­торы, университеттің құрметті про­фессоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубә­кі­ров­тің атаулы стипендиясының иеге­р­­леріне куәліктер тапсыру салтанаты өтті. Осымен бесінші мәрте өткізіліп отыр­ған бұл шара жалпы қатысушы сту­дент­тердің көңілінде естен кетпес ке­ремет әсерлер қалдырды. Бұл шара тұң­ғыш қазақ ғарышкерінің ғарыш­қа ұшуының 25 жылдығына және оның 70 жылдық мерей тойына орай­ластырылған болатын. Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубә­кіров бұл шараны ұйымдастыруға атсалысқан университеттің профес­сорлық-оқытушылық ұжымына, сондай-ақ, университет ректоры Гүлжамал Әлкен­қызы Жапароваға алғысын біл­діре келе, атаулы стипендия студент­тердің оқуға деген ынтасын кө­терсе, келешекте олар жоғары мәрте­белерге қол жеткізсе, соған өзінің қуанатынын зор тебіреніспен атап өтті. Атаулы стипендия 2011 жылғы 30 та­мыз күні университеттің Ғылыми ке­ңесі шешімімен тағайындалған бола­тын. Биылғы жылғы атаулы стипендия­ны дизаин факультетінің студенті Ха­митов Сапар, қазақ тілі және әде­биеті факультетінен – Болатова Мәди­на, құқықтану факультетінен – Егін­жанов Диас, психология факуль­тетінен – Ибрагим Мөлдір, «Есеп және аудит» факультетінен – Есенғұлова Әсел еншіледі. Атаулы стипендия иегерлері Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің қолынан куә­лік­тер, батырдың қолтаңбасымен өмір­баяндық кітаптарын, естелік кәде­сый­ларын алды. Куәліктерді тапсыру салтанаты «Тұран – Астана» университеті көр­кемөнер­паздарының концертімен өрнек­­телді. Шоу-бағдарлама тұтастай ға­­рыш та­қы­рыбына арналды. Сәуле ШЫНТАЕВА.