• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Қызылорда G-Global ұйымымен әріптестік-ынтымақтастығын арттырды

269 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 ақпан. Қызылорда облысы мен G-Global Халықаралық хатшылығы арасында жасыл экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен өңірге инвестиция тарту, инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау туралы келісім жасалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап egemen.kz хабарлайды. «G-Global – Елбасының бастамасымен құрылған ұйым. Оның негізгі мақсаты халықаралық проблемаларды талқылап, оны шешу жолдарын қарастыру. Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы сияқты ауқымды шараларды өткізуге атсалысқан. Сондықтан бүгінгі меморандум аясында біз де G-Global Халықаралық хатшылығымен бірлесіп, ортақ жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін», деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. «Қызылорда облысында атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды көріп, қуанып отырмын. Екіжақты меморандумды жүзеге асыру үшін арнайы Жол картасы қабылданатын болады. Яғни, бірлесіп атқаратын жұмысымызды айқындап аламыз. Негізгі мақсатымыз – Сыр өңіріне инвестиция тарту, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау», дейді G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz