• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Cозақта ит қапқан қыз қайтыс болды

336 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 24 ақпан. Созақта құтырған ит қапқан қыз бала қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі деп хабарлады. Бұл деректі аудандық аурухананың дәрігерлері ресми растады. Созақ ауданы Қыземшек ауылында тұратын 14 жастағы қызды 2015 жылы 26 желтоқсанда ит қапқан екен. Тек, жағдайы нашарлаған кезде 9 ақпанда ауруханаға жатқызылыпты. Қазір марқұммен байланысты болған адамдар анықталып, медициналық тексеруден өтіп жатыр. Ауданда құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары жүруде. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz