Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының әскери қызметшілері дабыл бойынша көтеріліп, далалық лагерьге жол тартты
Кеше Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша «Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы шеңберінде Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабының департаменттері және бас басқармалары дабыл бойынша көтерілді.
– Бұл іс-шара стратегиялық деңгейдегі басқару органдарын даярлаудың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан «Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы аясында бізге әскерлерді басқару мәселелерін шынайы пысықтауға тура келеді, деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Әскери қызметшілерге арналған сабақтар екі күнге созылады. Жеке құрам далалық жағдайда жұмыс жасайды. Әскерлерді жедел басқару үшін әскерлерді автоматтандырылған басқару элементтері бар командалық-штабтық машиналарды, палаткаларды, далалық ас үйлер мен автономды электр агрегаттарын қолдана отырып, жауынгерлік қызметті қамтамасыз етудің барлық элементтері бар басқару пункттері қимыл-қозғалысқа келтірілді.
Сабақтар барысында басқару пункттерімен штабтық жаттықтыру өткізіледі. Офицерлер мен генералдар штаттық атыс қаруынан оқ атады, 5 шақырымға шаңғымен жүгіруден нормативтер тапсырады. Осыған байланысты 83205-әскери бөлімінің әскери қызметшілері жылуы бар палаткалар орнатты. Далалық қалашықта әскерилердің тамақтануын ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Онда санитарлық кешен де бар, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.