• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Былтыр Ақмола облысынан Астанаға 20,9 мың тонна ет жеткізілді

270 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 25 ақпан. Астана қаласының азық-түлік белдеуін құру шеңберінде Ақмола облысы елорда нарығына 108 мың тонна ет және сүт өнімдерін жеткізген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жалпы, өткен жылы Астана қаласына 11,3 мың тонна ұн, 217,5 миллион дана жұмыртқа,82,7 мың тонна картоп, 20,9 мың тонна ет және ет өнімдері, 86,8 мың тонна сүт өнімдерін, 19,1 мың тонна көкөніс және өзге де өнімдері жеткізілген. Азық-түлік белдеуі шеңберінде 2015 жылы жалпы құны 22,2 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 263,1 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнім өндірілді. Облыста азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 1058 меморандумға қол қойылған. Оған қоса, апта сайын ақмолалық тауар өндірушілер өңірдің әр аймақтарында 543 жәрмеңке өткізіп, 1,8 миллиард теңгенің өнімін саудаға шығарды. Бүгінде құс еті өнімін өндіру көлемін ұлғайту бойынша нақты қадамдар жасалуда. Өткен жылы Целиноград ауданындағы бройлерлік құс фабрикасының қуаттылығы 20 мың тоннаға артты, Макинск құс фабрикасы, Астрахан ауданындағы «Техно Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктес бройлерлік құс фабрикасы сияқты ауқымды жобалар болашақта облыс пен Астана қаласының нарығын ғана емес, шет ел нарығына шығуға мүмкіндік береді. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облысының әкімінің баспасөз қызметі.