КӨКШЕТАУ. 25 ақпан. Көкшетаулық триатлоншы Африка Кубогының кезеңдік жарысында жеңіске жетті. Бұл туралы тілшісіне Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жанындағы «Ақмола медиа орталығына» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған жарысқа облысымыздан 3 триатлоншы қатысқанын атап өткен жөн. «Элита» тобындағы спортшылар жоғары деңгейлі жарыста Олимпиадаға жолдама алу үшін күресті. Олар суға жүзуден 1500 метрлік, велосипедпен жарыста 40 шақырымдық және жүгіруден 10 шақырымдық сайыста сынға түскен болатын.
Тартысты бәсекеде Аян Бейсенбаев триатлонда Африка Кубогының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, Темірлан Теміровтің мәреге бесінші, ал Валентин Мещеряковтің он екінші болып жетуі жақсы көрсеткіш деп бағаланды. Оларды белгілі мамандар Сергей Пихидко мен Юрий Соловьев жаттықтырады.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: «Ақмола медиа орталығы».