ПАВЛОДАР. 25 ақпан. Бұл жаңашылдық Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-тың №3 энергоблогында инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылды. Заманауи жабдықтарды іске қосуға компания 66,81 миллион теңге қаражат жұмсады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Автоматты басқару жүйесі жоғарғы техникалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сенімді, тиімді. Ескі жабдықтар 10 жыл шыдап келді. Аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істеді.
«Жаңа технологияға алмастыру оңай болған жоқ, бірақ, жүзеге асты», – дейді «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционер қоғамының электрлік станциясының жылу автоматика мен өлшеу цехының басшысы Роман Паустьянов.
Станса мамандары 4 бөлікті, 7 операторлық терминал (компьютер), төрт МХ-терминал (алыстаған графикалық терминал), 3 желілік коммутатор, желдік коммуникацияларды ауыстырды. Құрал-жабдықтарды ауыстыру жұмысымен «Интеравтоматика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары бірге айналысты. Станса энергоблоктарының қуаттылығы 300-325 МВт құрайды. Барлығы бірлесіп жаңа автоматты жүйенің жұмысына, қызметтеріне қызығушылық танытып қана қоймай, орнатудың жоғары деңгейін көрсетті. Дәл осындай техникалық шешім №4 энергоблогында жұмыс жасап тұр. Қазір №3 энергоблок желіге қосылып, алғашқы киловатт-сағаттарды өндіруде. Станса 2001 жылдан бері жабдықтарды жаңарту және қайта құру бағдарламасы жүзеге асырып жатыр. Енді №5 энергия блогында құны 277 миллион доллар тұратын қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.