• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Франция Google-ға 1,6 млрд. еуро өтемақы төлеуді міндеттеді

244 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 ақпан. Франция билігі белгілі Google компаниясына төленбеген салық үшін 1,6 миллиард еуро өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұл туралы bbc.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған дейін компания Ұлыбритания билігіне 130 миллион фунт өтемақы төлеуге келіскен. Ал қазіргі кезде Франциямен бұл мәселе жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Алдағы уақытта көрсетілген соманың бір бөлігі ғана төленуі мүмкін деген болжам бар. Франция билігі мен компания бұл жөнінде ресми ақпарат таратпады. Өткен жылы Еуропа одағының салық реттеушілері Еуропа аймағындағы ірі компаниялардың салықтық келісімшарттарына тексеру жұмыстарын жүргізген. Қазан айында америкалық Starbucks кофе желісіне және Fiat Chrysler автоконцерніне 30 миллион еуродан қосымша салық төлеуі міндеттелді. Сондай-ақ, салық реттеушілерінің назарына Apple және Amazon компаниялары да ілікті. Аян Әбдуәли. Дерек: bbc.com. Сурет: kushnerov.com.