• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Шымкентте заң бұзушылық әуеден бақыланады

275 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 25 ақпан. Шымкентте полиция қызметкерлері заманауи технологияларды қолданысқа енгізе бастады. Енді шаһардағы жол жүру ережелерінің сақталуына квадракоптер қондырғысы көмекке келмек. Бұл туралы Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сала мамандары жаңа қондырғының қалада жол ережесін бұзып, қашып құтылмақ болғандарды тез анықтайтынын айтып отыр. Көкте қалықтап ұшып жүріп, қалтарыс, бұлтарыстарды да анық көрсететін квадракоптер қылмыс жасап, оқиға орнынан ізін суытқысы келетіндерді де ізін суытпай тауып береді екен. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz.