• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Атырау мәслихаттарына 414 кандидат тіркелді

318 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 25 ақпан. Атырау облысында әр деңгейдегі мәслихаттарға 433 кандидат ұсынылып, оның 414-і тіркелді. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашевтың мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Атырау облысында 134 округ бойынша 433 кандидат ұсынылды. Соның 414-і үміткер ретінде тіркелді. Олардың ішінде облыстық мәслихаттың 27 сайлау округі бойынша 90 кандидат ұсынылып, 87-сі тіркелді. Атырау қалалық мәслихатына 19 қалалық сайлау округінен ұсынылған 65 кандидаттың 62-сі тіркелді. Аудандық мәслихаттардың 88 сайлау округі бойынша 278 кандидат ұсынылып, оның 265-і тіркеуден өтті. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылған кандидаттардың арасынан 19 кандидат өз өтініштерін кері қайтарып алды», – деп мәлім етті Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев. Әр деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылғандардың арасында 365 (88%) кандидаттың жоғары білімі бар, ал арнайы орта біліммен – 35 кандидат (8%) және орта біліммен – 14 кандидат (4%) сайлау додасына түскелі отыр. Кандидаттардың кәсіби мамандығы туралы айтар болсақ, дәрігер – 21 адам (5%), инженер – 74 (17%), білім беру саласының қызметкері – 103 адам (24,9%), заңгер – 42 (10%) және басқа мамандықты меңгергендер үлесі 174 (44%) адамды құрайды. Саяси партиялардан 139 кандидат бар, олардың арасында 134 кандидат «Нұр Отан» партиясынан, 3 кандидат Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан, ал 2 кандидат «Ақ Жол» демократиялық партиясының атынан сайлауға түседі. Атырау мәслихаттарының депутаттығынан үмітті кандидаттардың арасында 297 ер адам (72%) және 117 әйел адам (28%) болса, олардың 275-і өзін-өзі ұсыныпты. Кандидаттардың орташа жасы – 44 жас. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы. Сурет: Рахым Қойлыбаев.