• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Солтүстіктегі жылышырайлы жүздесулер

270 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы кеше Солтүстік Қазақстан облысында болып, құрамына танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен спортшылар кірген үгіт-насихат тобы бірқатар кездесулер өткізіп, партияның сайлау­алды «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасын жан-жақты талқылады. Делегация құрамында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі А.Башмаков, «Агрофирма Ро­дина» ЖШС құрылтайшысы және директоры И.Сауэр, Парламент Мәжілісінің V ша­қырылымының депутаттары С.Быч­кова мен Б.Смағұл бар. Делегация сапары алдымен «Зен­ченко и К» командиттік серік­тесті­гі­нің сүт өңдеу зауыты ұжымымен кез­де­су­ден басталды. Мұнда кәсіпорын жұмыс­шы­­лары үшін барлық жағдай жасалса, орта­ша жалақы 80 мың теңгеден асады. Кез­­десу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында аграрлық секторды дамытуға көңіл бөлінгендігі ерек­ше аталды. «Біздің елімізде нағыз еңбекқор аза­мат­тардың жетістікке жетуіне бар­лық мүм­кіндіктер бар. Мемлекеттің шаруаларға жасап отырған жағдайын мей­лінше пайдаланып, тынымсыз тер төк­сең, өз еңбегіңнің жемісін көресің. Елі­міздің гүлденуіне өз үлесін қосып жат­қан нағыз іскер азаматтарға «Нұр Отан» партиясы да әрқашан қолдау көр­сетуге дайын», – деді РСШ мүшесі Абай Тасболатов. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, Дос­тық үйіне кездесуге облыстағы этно­мә­дени бірлестіктердің 300-ден астам өкілі жиналыпты. Этномә­дени бірлестіктер қоғамдық-саяси өмір­ге белсенді араласып келеді. Тіпті, Ре­сейдің көршілес облыс­тарымен мәде­ниет­аралық байла­ныс тығыз қалыптасқан. Ассам­блея баста­масымен М.Қозыбаев атын­дағы СҚМУ-де ҚХА кафедрасы, кол­ледж­дерде «Бейбітшілік және келісім» орта­лықтары және Петропавл қала­сының мектептерінде 20 этноклуб ашылған. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назар­­баев­­тың елімізде этносаралық бейбіт­­шілік­тің бірегей үлгісін қалыпта­с­­тыр­­­ғаны, ал ел халқы Ассам­блеямен бірге түрлі этностар арасындағы бей­біт­шілікті одан әрі дамытуға жә­не ны­­ғай­туға күш сала беретіні ерекше атал­ды. Кездесу барысында «БАР­БАНГ» күрдтер қауымдастығы» ҚБ төра­­ғасы Рашид Надиров бізде ешкім ұлты­на, керек десеңіз, түр-түсіне қарап бөлінбейтіндігін ерекше айтты. «Қоғам­дық келісім» КММ директоры Әсемгүл Ес­қожа өз ойын былайша жеткізді: ««Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауал­ды бағдарламасында бірлікті бірінші кезекке қоюуы өте орынды. Бұл – біздің басты құндылығымыз». Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.