• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Жұмыс орындары сақталуы тиіс

253 рет
көрсетілді

Облыс әкімдігінде өңірдің ірі кә­сіп­орындары арасында өнді­ріс үрдістерін тұрақтандыру, жұмыс­пен қамтуды үй­лестіру және жұмыс­шылардың еңбек құқық­тары мәселелері бойынша өзара ынты­мақтастық туралы мемо­рандумдарға қол қойыл­ды. Құжатқа қол қойған кәсі­п­орындардың қатарында «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазхром» ТҰК АҚ фи­лиа­­лы Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Пав­лодар мұнай-химия зауыты» АҚ, Екі­бастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 ЖШС-лар, «Богатырь Көмір» ЖШС секілді алып өндірістер бар. – Біздің негізгі міндетіміз – экономи­каның қазіргі кездегі даму деңгейі мен жұ­мыс орындарын сақтай отырып, ша­ғын және орта бизнесті қолдауға бағыт­талған шараларды жүзеге асыру, – деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Айтса айтқандай, бұл өндірістік алып кәсіпорындардың бәрінде де мыңдаған адам еңбек етуде. Қазір кәсіпорындар не­гізінен өндіріс орындарында жаңарту, жаңғырту жұмыстарымен айналысуда. Жаңа технологиялар енгізілді, бұл өндірісте еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді. Сонымен бірге, эко­логиялық, қоршаған ортаны қорғау жағдайларында электр сүз­гілер орнатып, көгалдандыру жұмыс­тары жалғасуда. Өндіріс орын­дарына жастар көптеп келуде. Кәсіп­орын­дарда дуалды оқуы­ту жүйесі бо­йынша көптеген кәсіптік-тех­никалық колледж тү­лектері әрі білім алып, әрі өнді­ріс­тік тә­жі­­рибеден зауыттарға келіп өтуде. Бұл да жастар үшін жұмыс орында­ры­ның кепілдігі. Сон­дықтан, қол қойыл­ған екіжақты меморандумдар бары­сында жұмыс орындарын сақтау қа­жеттілігіне баса назар аударылды. Яғни, облыс әкімдігі кәсіп­орын­дардың өндірістік күрделі мәселелерін шешу, инвестициялар тарту мен инновациялар­ды енгізу шараларын қарастырады. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен кәсіподақтың қатысуымен әлеуметтік әрекеттестік пен ең­бек қа­тынастарын реттеуге, жұмыс­шы­­лар­ды өңірлік еңбек нарығында сұра­нысқа ие мамандықтар бойынша қайта даяр­лау мен кәсіби оқытуды жүргізуге жәр­­демдеседі. Меморандумда айтыл­ған­­дарды орындау, оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл күн­дері облыста өндіріс үрдістерін тұрақ­тандыру, жұмыс орындарын сақ­тау және жұмысшыларды жұмыспен қамту бо­йынша 1546 меморандумға қол қойылды. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.