АСТАНА. 27 ақпан. Ұлыбританияның Бери қаласындағы теміржол стансасында осыдан бір ғасыр бұрын жасалған The Flying Scotsman пойызы қайта жолға шықты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нью-Йорк қаласындағы ұлттық темір жол мұражайы 2004 жылы тарихи пойызды 3 миллион АҚШ долларына сатып алып, екі жылдан соң қайта жөндеуге кіріскен. Осы уақыт ішінде пойызды бөлшектеп, құрып шықты. Мамандардың айтуынша, бұл жұмысқа 4,2 миллион фунт стерлинг жұмсалған.
Bolton Street стансасындағы салтанатты рәсімге қала халқы жиналып, пойызды қошеметпен шығарып салды. Оның қалыпты жылдамдығы сағатына 100 шақырымды құрайды. Алдағы уақытта National Railway Museum мұражайына тиесілі пойыз Ұлыбританияда ойын-сауық экскурсиясы ретінде іске асады.
The Flying Scotsman алғаш рет 19 ғасырда жасалған. Бұл пойыз Лондон мен Эдинбург қалаларының арасында тоқтаусыз қатынап тұрған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: nymr.co.uk.