АСТАНА. 27 ақпан. Австралия билігі марихуананы медициналық мақсатта пайдалануды заңдастырып беруге шешім қабылдады. Бұл туралы CNN телеарнасы дерегіне сүйеніп жеткізген ras.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыған орай заңға енгізілген өзгерістер каннабисті медициналық және ғылыми мақсаттарда қолдап өсіруге мүмкіндік бергелі отыр.
«Бұл – бүкіл Австралия жұртшылығы үшін және медицинада каннабисті қолдану төңірегіндегі айтыс-тартысқа толы ұзаққа созылған ауыр күресті бастан кешіп келе жатқан адвокаттар үшін тарихи күн. Енді пациенттерді қылмыскер деп санаушылыққа тыйылым болады», - деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Сьюзан Лей ханым.
Руслан Игілік.
Дерек, фото: ras.kz.