• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2016

АҚШ-та қаза тапқандар арасында қазақстандық жеткіншектер болуы мүмкін

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 ақпан. АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласының билігі жеткіншектердің қазасына байланысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар Қазақстаннан немесе Ресейден асырап алынған болуы мүмкін. Әзірге ресми түрде хабарланған жоқ. Дипломаттар АҚШ тарапынан оқиғаның мән-жайын күтіп отыр. Оқиға орнында 49 жастағы Лана Карлсон, 16 жастағы Куин Карлсон және 18 жастағы Тори Карлсон қаза тапты. Сондай-ақ, тағы бір қыздың есімі әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл іске Лана Карлсонның күйеуі Дэвид Уэйн Кэмпбелл кінәлі болуы мүмкін. Тәртіп сақшылары келген сәтте ол өз-өзіне қол жұмсап үлгерген. «Біз осы іске қатысты мән-жайды толық білу үшін мемлекеттік департаментке хат жолдағанбыз. Бірақ әзірге жауап ала алмай отырмыз. Алайда дәл қазір менің қолымда олардың Қазақстаннан асырап алынғандығы жөнінде ақпарат бар», – деді жергілікті шерифтің орынбасары Райан Сперлинг. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.