• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2016

АҚШ-та қаза тапқан жеткіншектердің қазақстандықтар екені анықталды

273 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 ақпан. АҚШ-та қаза тапқан бір отбасының жеткіншектері қазақстандықтар екені анықталды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Біз Вашингтонда болған оқиғадан қаза тапқандар арасында екі жеткіншектің Азиядан болғандығын растаймыз», – деп мәлімдеді АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі. «Лана Карлсонның екі баланы Қазақстаннан асырап алғандығын айта аламын», – деді Лананың туған сіңлісі Джейми Нокула. Айта кетейік, Вашингтонда Дэвид Кэмпбелл есімді азамат өз әйелі Лана Карлсон мен Қазақстаннан асырап алған Куин Карлсон және Тори Карлсон есімді жеткіншектерді атып өлтірген. Полиция қызметкерлері келген сәтте өз-өзіне қол жұмсап үлгерді. Оқиға орнында мерт болған тағы бір қыздың есімі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».