• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2016

Атбасарда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

245 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 28 ақпан. Ақмола облысындағы Атбасар ауданында биыл қар жылдағыдан 1,5-2 есе көп түсті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған байланысты бүгiнде Атбасарда су басу қаупi бар жерлердегi нөсер суына арналған кәрiз жүйесiнiң су ағызу астауларын қардан тазалау жұмыстары жүргiзiлуде. Жалпы, 2016 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша ауданның орталық алаңынан, Ш. Уәлиханов, А. Құрманов, Қуанышев, Қазақстан, Л. Белаш, Веденеев, Сейфуллин, Жеңiс, Радиоузельная, Әуезов, Чкалов, К. Әміров, М.Мәметова, Ә. Майкутов, А. Батыр, Нүрсейiтов, Матросов көшелерiнен 79,8 мың шаршы метр қар шығарылған. Қар шығару бойынша жұмыстар әлi де жалғасуда. Бұған қоса, ауданның елдi мекендерiнен 203,9 мың текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ, тоғанды күшейту бойынша iс-шаралар жоспары аясында Жабай өзенiнiң маңайына инерттiк материалдар себу жұмыстары жүргiзiліп жатыр. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметі.