ОРАЛ. 9 наурыз. Елбасы Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Болашақ-Т» ЖШС үй құрылысы комбинатында болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мұнда Мемлекет басшысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру және жеке үй құрылысы комбинаттарын дамыту жобасы туралы баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев дайын өнім үлгілерімен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті өңірлердің дамуы мен үй құрылысының көбеюі есебінен елдегі осындай өнеркәсіп нысандарына деген қажеттілік артатынын айтты.
Мемлекет басшысы ұжымға табыс тілеп, облыста cаланың жұмысына қолайлы барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.
Үй құрылысы комбинаты көпшілікке арналған үйлер құрылысын қамтамасыз ету үшін темір-бетон бұйымдарын, перспективалы құрастырмалы жүйелер жасап шығарады. Оның қуаты жылына жалпы аумағы 50 мың шаршы метр ғимарат салынатын өнім шығаруға лайықталған.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: akorda.kz.