• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2016

Бангладеште екі қолын сүйел басқан науқасқа ота жасалды

933 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 наурыз. Бангладеште дәрігерлер екі қолын тұтастай сүйел қаптапған науқасқа күрделі ота жасады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дәрігерлер күнделікті тәжірибеде жиі кездесе бермейтін ең күрделі отаны жасады. Атап айтқанда, бұл жолғы науқастың дерті бөлек. 10 жылдан бері ауру азабын тартып келген 25 жастағы Абул Баяндра «эпидермодисплазия верруциформис», яғни қарапайым тілде «ағаш адам» деген дертке шалдыққан. Ауруы асқынғанға дейін арбакеш болған ол қазір өз қолымен тамақ іше алмайды. Себебі ағаш тамырына ұқсас сүйел, оның алақаны мен саусақтарын түгел басып кеткен. Айта кетейік, 3 сағатқа созылған отадан шыққан дәрігерлер жара орны бітуі үшін тағы 6 ай уақыт қажет дейді. Сондай-ақ, пластикалық хирург Саманта Лал Сен «Біз науқасты толықтай тексерістен өткізіп, сүйелді жою үшін алғашқы операция жасадық. Бірақ операция саны 10-12-ге дейін баруы мүмкін. Оған қоса науқастың терісі мен қан құрамын Америкаға сараптамаға жіберіп, нәтижесін күтудеміз. Біз оның екі қолына да операция жасап, сүйелдің өсуін тоқтатамыз деп ойлаймыз», – деді. Жалпы, Абул Баяндра мұндай дертке шалдыққан әлемдегі төртінші адам. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.