• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №135

352 рет
көрсетілді

2016 жылғы 28 қаңтар,  Астана қаласы Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және  ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 11) тар­мақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б. Қазанғап): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басы­лымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвес­тициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы                                                                                  Ж.ҚАСЫМБЕК. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №135 бұйрығына 1-қосымша Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы №418-V Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының  11) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттандыру объектілерін сыныптауды жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Ақпараттандыру объектілерін сыныптаудың негізгі қағидаттары: 1) бір мағыналылық – ақпараттандыру объектісі бір санатқа жатды; 2) негізділік – ақпараттандыру объектісін сыныптауды жүргізуген кезде санат сипаттамасының параметрін бағалаудың деректілігі, құжатамамен немесе нақты тексеру жолымен расталады; 3) хабардарлық – ақпараттандыру объектілерінің иелері немесе иеленушілері ақпараттандыру объектілерінің сыныбы туралы хабарландырылады; 4) қарқындылық – ақпараттандыру объектісінің сыныбы оны пайдалану мерзімі ішінде өзгереді; 5) айқындық – ақпараттандыру объектісін сыныптау процедуралары, санаттар, санаттардың сипаттамалары, санат сипаттамасының параметрлері мен санат сипаттамалары параметрлерінің индикаторлары нақты сипатталған, барлық ақпараттандыру объектілері бір мағыналы және дұрыс тұжырымдайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру объектісін сәйкестендіру (бұдан әрі-сәйкестендіру) – ақпараттандыру объектісін бұдан әрі сыныптау мақсаттары үшін ақпараттандыру объектісінің ақпараттандыру объектілерін сыныптауыш санаттарының біреуіне жатқызу; 2) ақпараттандыру объектісін сыныптау (бұдан әрі-сыныптау) – ақпараттандыру объектісінің сыныбын беру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы; 3) ақпараттандыру объектісінің сыныбы – ақпараттандыру объектілерін сыныптау схемасына сәй­кестігін бағалау нәтижелері бойынша берілген ақпараттандыру объектісі маңыздылығының дәйектелген деңгейі; 4) ақпараттандыру объктілерін сыныптау схемасы – ақпараттандыру объектілерінің белгіленген санат шеңберіндегі ақпараттандыру объектісі тобының талаптарына сәйкестігін бағалау тәсілі; 5) деректерді өңдеу және сақтаудың аппараттық құралдары – серверлік-жабдықты, дербес жұмыс станцияларын, дербес тасымалдау құрылғыларын және деректерді сақтау жүйелерін қоса алғанда, есептеу техникасы құралдары; 6) жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету – техникалық құралдардың, қолданбалы бағ­дарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мен жұмыс істеуінің, сервистік бағдарламалық өнімдердің, ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстардың аппараттық ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық өнім; 7) құжаттарды басып шығару мен көшіру құралдары – сканерлеу, көшіру және басып шығару құрылғылар жиынтығы; 8) санаты сипаттау параметрлері – ақпараттандыру объектісінің функционалдық, техникалық, сапалық немесе пайдалану сипаттамаларын бір мағыналы анықтайтын ақпараттандыру объектілерін сыныптауыштың өлшемшарттары; 9) санат сипаттамасы параметрінің индикаторы – санат сипаттамасы параметрінің мәнін бағалау және өлшу шарасы; 10) санат –ақпараттандыру объектісін қолдану саласы мен оның функционалдық мақсатына сәйкес сәйкестендіруге арналған ақпараттандыру объектілерін сыныптауышының жинақталған ақпараттандыру объектілерінің тобы; 11) санаттың сипаттамасы – сомалық мәні ақпараттандыру объектісінің тобын айқындайтын, ақпарат­тандыру объктісін сипаттайтын ақпараттандыру объектілерін сыныптауышының ерекшелендіру параметрлерінің жиынтығы; 12) санат сипаттамасының қосалқы параметрі – ақпараттандыру объктісінің белгілі ерекшеліктерін сипаттайтын бір жалпы параметрде бірнеше жеке параметрлерді біріктіретін біртекті өлшемшарттардың жиынтығы; 13) серверлік үй-жай мен оның инженерлік инфрақұрылымы – серверлік, желілік жабдықты және құрылымдалған кәбілдік жүйелер жабдығын, сондай-ақ ақпаратты жіберу құралдарын, локальдық есептеу желілерін, Интернетке және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қолжетімділікті қамтамасыз ету құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын орналастыру мен жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар кешені. 4. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы сыныптау кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді. 5. Сыныптау мақсатында ақпараттандыру объектілерін сыныптауышының (бұдан әрі -сыныптауыш) құрылымдық элементтері негізінде ақпараттандыру объектілерінің сипаттамаларын, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін бағалау және салыстыру жүргізіледі: 1) санатын; 2) санат сипаттамаларын; 3) санат сипаттамалары параметрлерін; 4) санат сипаттамалары параметрлерінің индикаторларын. 6. Сыныптау мынадай санаттар шеңберінде жүзеге асырылады: 1) электрондық ақпараттық ресурс; 2) бағдарламалық қамтамасыз ету; қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету; жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету; 3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым; деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары; құжаттарды басып шығару және көшіру құралдары; серверлік үй-жай мен оның инженерлік инфрақұрылымы; байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылым. 7. Санаттардың әрбір сипаттамасы санат сипаттамасының тек қана бір басты параметрін қамтиды. 8. Санат сипаттамасының қосалқы параметрі басқа санаттар сипаттамаларының параметрлеріне сілтемелерді қамтиды. 2. Ақпараттандыру объектілерін сыныптау тәртібі 9. Мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін сыныптауды осы Қағидаға сәйкес ақпараттандыру объектілерін сыныптауышының негізінде (бұдан әрі- сыныптауыш) жүргізеді. 10. Мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің иелері немесе иеленушілері сыныптауды осы Қағидаға сәйкес және сыныптауыштың негізінде өз бастамасы бойынша жүргізеді. 11. Сыныптау сәйкестендіру нәтижелері бойынша жүргізіледі. 12. Сәйкестендіру ақпараттандыру объектісін сипаты бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес сыныптаушы санаттарының сипаттамасына барынша үйлесімдіге жатқызу жолымен жүзеге асырылады. 13. Сыныптау белгілі бір біліктілік санатына қатысты ақпараттандыру объектілерінің сипаттамасы мен параметрлерін дәйекті қарау және бағалау негізделген. 14. Класс әрбір біліктілік санаты үшін біреегй болып табылатын сипаттамалар және параметрлер жиынтығына сәйкес ақпараттандыру объектілерінің жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша анықталады. 15. Егер параметрді бағалау, сәйкес келетін индикаторды айқындау немесе параметрдің таңдалған мағынасын негіздеу мүмкін болмаған жағдайда, параметрдің ең аз мағынасы қойылады. 16. Санат сипаттамасының әрбір параметрінің бағаланатын санат сипаттамасына арналған санат сипаттамасы параметрінің маңыздылығы деңгейіне байланысты айқындалатын салмақ коэффициенті болады. 17. Маңыздылық деңгейіне байланысты санат сипаттамасы параметрлері мыналарға бөлінеді: 1) басты – салмақ коэффициценті 1,5 бал; 2) негізгі – салмақ коэффициценті 1 бал; 3) базалық – салмақ коэффициценті 0,5 бал. 18. Санат сипаттамасы параметрлері индикаторларының берілетін балдарының сомалық бағасы олардың салмақ коэффициенттерін ескере отырып, ақпараттандыру объектісінің сыныбын анықтайды. 19. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін сыныптау автоматты режимде Заңның 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес бекітілетін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерн тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 20.  «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін сыныптау: 1) мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу кезеңінде; 2) мемлекеттік органның архитектурасын әзірлемейтін мемлекеттік органдарға арналған жобалау құжаттамасын, конкурстық немесе техникалық құжаттаманы әзірлеген кезден; 3) ақпараттандыру объектісін сыныптау кезінде қаралатын санат сипаттамалары мен санат сипаттамалары параметрлеріне ықпал ететін ақпараттандыру объектісінің ерекшеліктерін өзгерткен және өзгерістерді тиісті құжаттамалық растауы болған жағдайда жүргізіледі. 21. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілері иелерінің немесе иеленушілерінің сұрау салулары негізінде ақпараттандыру объектілерін сыныптауды жүргізу дұрыстығын бағалайды. 22. Сыныбы ақпараттандыру объектісінің барлық ақпараттандыру субъектілері үшін объективті маңыздылық деңгейін анықтайды. 23. Ақпараттандыру объектісі үшін сыныбы жалпы оның компоненттері мен қосалқы бөліктерін ескере отырып айқындалады. 24. Ақпараттандыру объектісінің сыныбын есептеу осы Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес ақпарат­тандыру объектілерін сыныптау схемасына сәйкес орындалады. 25. Ақпараттандыру объектілерін сыныптау нәтижелері: 1) ақпараттандырудың жай-күйін мониторингілеу және талдау; 2) Заңның 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ақпараттық-коммуникациялық техноло­гиялар және ақпаратық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпа­раттандыру объектілерінің белгілі сыныбы үшін пайдаланылатын талаптарды анықтау үшін қолданылады. Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидасына 1-қосымша Ақпараттандыру объектілерін сыныптаушы санаттарының сипаттамасы Коды    Ақпараттандыру объектілерін сыныптаушы санаттарының атауы 1. Электронды ақпараттық ресурс 1.1.     Жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендеру деректері 1.2.     Жеке және заңды тұлғалардың мүліктері мен мүліктік құқықтары туралы деректер 1.3.     Жеке және заңды тұлғалардың білімі мен біліктілігі туралы деректер 1.4.     Жеке тұлғалардың туыстық байланыстары туралы деректер 1.5.     Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттістік туралы деректер 1.6.     Жылжымайтын мүлік объектілері туралы деректер 1.7.     Инфрақұрылым объектілері туралы деректер 1.8.     Көлік құралдары туралы деректер 1.9.     Кірістер мен шығыстар туралы деректер 1.10.     Мемлекеттік органдардың қызметі туралы деректер 1.11.     Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметі туралы деректер 1.12.     Шарттық және өзге міндеттемелер туралы деректер 2. Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру 2.1.     Әмбебап қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру 2.1.1.     Стратегиялық басқару (SM, Strategy Management) 2.1.1.1.     Бизнес-жоспарлау жүйесі (PLN, Business PlaNning system) 2.1.1.2.     Кәсіпорынның тиімділігін басқару (EPM, Enterprise Performance Management) 2.1.1.3.     Шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі (DSS, Decision Support System) 2.1.1.4.     Тәуекелдерді басқару жүйесі (RMS, Risk Management System) 2.1.1.5.     Бизнес-аналитика (BI, Business Intelligence) 2.1.1.5.1.     Нақты уақыттағы талдамалық өңдеу (OLAP, Online Analytical Processing) 2.1.1.5.2.     Болжам және үлгілеу жүйесі (FMS, Forecasting and Modeling System) 2.1.1.5.3.     Есептемені қалыптастыру және агрегирлеу құралдары (ERMS, Enterprise Reporting Management Services) 2.1.2.     Қаржы-шаруашылық қызметті басқару 2.1.2.1.     Кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау (ERP, Enterprise Resource Planning) 2.1.2.2.     Персоналды басқару жүйесі (HRM, Human Resource Management) 2.1.2.2.1.     Қызметкерлердің өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі (ESS, Employee Self-Service Management) 2.1.2.2.2.     Корпоративтік оқытуды басқару жүйесі (ELMS, Enterprise Learning Management System) 2.1.2.2.3.     Жұмыс уақытын есептеу жүйесі (TTS,Time Tracking Software) 2.1.2.2.4.     Кадрлық есеп жүйесі (PPS, Payroll Processing System) 2.1.2.2.5.     Персоналдың дарынын, карьерасын және жалғастырушылығын басқару (TMS, Talent Management System) 2.1.2.2.6.     Сыйақыларды басқару (CMMS, CoMpensation Management System) 2.1.2.2.7.     Жеңілдікті және әлеуметтік бағдарламаларды басқару (BMS, Benefits Management System) 2.1.2.2.8.     Іс сапарларды басқару жүйесі (TRMS, TRavel Management System) 2.1.2.2.9.     Персоналды таңдау және қабылдау жүйесі (RMS, Recruiting Management System) 2.1.2.2.10.     Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық қорғауды басқару жүйесі (EHSS, Enterprise Health Safety System) 2.1.2.2.11.     Персоналды бағалау және аттестаттау тиімділігін басқару (PMS, Performance Management System) 2.1.2.2.12.     Персоналды дамыту және кадрлық резервті басқару (PDS, Personnel Development System) 2.1.2.3.     Заң және құқықтық қамсыздандыру жүйесі (LMLSS, Legal Management and Legal Support System) 2.1.2.4.     Қаржы ақпараттық жүйелер (FIS, Financial Information System) 2.1.2.4.1.     Автоматтандырылған есептеу жүйесі (Billing Management System, BMS) 2.1.2.4.2.     Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесі (AMS, Accounting Management System) 2.1.2.4.3.     Сақтандыруды басқару жүйесі (ISMS, InSurance Management Systems) 2.1.2.4.4.     Инвестицияларды басқару жүйесі (IVMS, InVestment Management Systems) 2.1.2.4.5.     Төлемдерді басқару жүйесі (PYMS, PaYment Management Systems) 2.1.2.4.6.     Салықтарды басқару жүйесі (TXMS, TaXation Management System) 2.1.2.5.     Ахуалдық орталық (SOC, Security Operation Center) 2.1.2.6.     ИТ-қызметті басқару жүйесі (ITSM, Information Technology Service Management) 2.1.2.7.     Сервис деңгейін басқару құралдары (SLM, Service Level Management) 2.1.2.8.     Жария ету және мониторинг құралдары (AMT, Alerts and Monitoring Tools) 2.1.2.9.     Ақаулықтарды басқару (FMS, Fault Management System) 2.1.2.10.     Ақпараттандыру бойынша активтерді басқару (ITAMS, IT Asset Management System) 2.1.2.11.     Лицензияларды басқару (LMS, License Management System) 2.1.2.12.     Қолдау қызметінің құралдары (SDT, Service Desk Tools) 2.1.2.13.     Сатып алуларды басқару жүйесі (PSS, Procurement Planning System) 2.1.2.14.     Өндірістік активтерді басқару (EAM, Enterprise Asset Management) 2.1.2.14.1.     Аукциондарды ұйымдастыру және қаражат жинау жүйесі (AFMS, Auction and Fundraiser Management Software) 2.1.2.14.2.     Күрделі құрылысты басқару жүйесі (CCMS, Capital Construction Management System) 2.1.2.14.3.     Коммуналдық меншікті басқару құралдары (UMS, Utilities Management System) 2.1.2.15.     Жобаларды басқару құралдары (EPPM, Enterprise Project and Portfolio Management) 2.1.2.16.     Логистика мен дистрибуцияны басқару (LDM, Logistics and Distribution Management) 2.1.2.16.1.     Жеткізулер тізбегін басқару (SCM, Supply Chain Management) 2.1.2.16.2.     Жеткізушілермен өзара әрекеттестікті басқару (SRM, Supplier Relationship Management) 2.1.2.16.3.     Логистикалық ақпараттық жүйелер (LGMS, Logistics Management System) 2.1.2.16.4.     Қойманы басқару жүйесі (WMS, Warehouse management) 2.1.2.17.     Автокөлік қауіпсіздігі мен оны бақылау жүйесі (TMS, Transportation Management Systems) 2.1.2.17.1.     Көлік құралдары мен құралдандыруды басқару жүйесі (MRO, Maintenance, Repair and Operations) 2.1.2.17.2.     Автошаруашылықты басқару жүйесі (FMS,Fleet Management System) 2.1.2.17.3.     Жөндеулерді кешенді басқару (TPM, Total Productive Maintenance) 2.1.3.     Қызметті ақпараттық қамсыздандыру (IMS, Information Management System) 2.1.3.1.     Корпоративтік ақпаратты басқару (ECM, Enterprise Content Management) 2.1.3.2.     Білімдер базалары (KBS, Knowledge Base System) 2.1.3.3.     Ақпараттық-анықтамалық жүйе (RMS, Reference Management System) 2.1.3.4.     Ақпараттық-іздеу жүйесі (IRS, Information Retrieval Systems) 2.1.3.5.     Электрондық сөздіктер (EDS, Electronic Dictionary Software) 2.1.3.6.     Жазбаларды басқару жүйесі (RM, Records Management) 2.1.4.     Өндірісті басқару жүйесі (MES, Manufacturing Execution System) 2.1.4.1.     Диспетчерлік басқару және деректерді жинау (SCADA, Supervisory Control and Data Acquisition) 2.1.4.2.     Өндірістік үдерістер мониторингінің жүйесі (MMPS, Monitoring of Manufacturing Processes System) 2.1.4.3.     Тауарлық ақпаратты кодтау құралдары (PCLS, Product Coding and Labeling Software) 2.1.4.3.1.     Бар-кодтау құралдары (BCS, Bar Coding Software) 2.1.4.3.2.     Таңбалау құралдары (LMS, Label Making Software) 2.1.4.4.     Өндірісті диспетчерлендіру және өнімді жедел есепке қою (CAM, Computer-Aided Manufacturing) 2.1.5.     Қызметті қамсыздандыру 2.1.5.1.     Операцияларды қолдау жүйесі (OSS, Operation Support System) 2.1.5.2.     Ішкі бақылауды жедел басқару (OPCS, Operation Process Control System) 2.1.5.3.     Жобаларды басқару жүйесі (PMS, Project Management System) 2.1.5.4.     Электрондық құжат алмасу жүйесі (DMS, Document Management System) 2.1.5.5.     Тапсырмаларды басқару және бақылау (TKMS, TasK Management Software) 2.1.6.     Тұтынушылармен өзара қатынасты басқару (CRM, Customer Relationship Management) 2.1.6.1.     Байланыс-орталығы жүйесі (CCCS, Customer Contact Center System) 2.1.6.2.     Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары жүйесі (CECS, Customer Engagement Center System) 2.1.6.3.     Дистанциялық қызмет көрсету (CSAS, Customer Service Automation System) 2.1.6.4.     Тұтынушылар туралы ақпаратты талдау (CIA, Customer Information Analysis) 2.1.6.5.     Клиенттер мен шоттарды басқару (CAM, Customer Account Management) 2.1.6.6.     Қоғамдық пікірді талдау (SRM, Social Relationship Management) 2.1.6.7.     Тұтынушылардың байланыстары мен профильдерін басқару (CCPM, Customer Contact and Profile Management) 2.1.6.8.     Тұтынушалырмен кері байланыс (EFM, Enterprise Feedback Management) 2.1.6.9.     Электрондық кезекті басқару (EQMS, Electronic Queue Management Systems) 2.1.6.10.     Сауалнама жүргізу және сұрастыру құралдары (OSM, Online Survey Management) 2.1.6.11.     Жіберілімдерді басқару жүйесі (CAMS, CAmpaign Management System) 2.1.7.     Пайдаланушылық және көмекші құралдар (USR, Users Tools) 2.1.7.1.     Кеңсе қызметін автоматтандыру құралдары (OFS, Office Suite) 2.1.7.1.1.     Мәтіндік редактор (WPS, Word Processing Software) 2.1.7.1.2.     Кестелік редактор (SPS, Spreadsheet Processing Software) 2.1.7.1.3.     Іскерлік графика және презентациялар редакторы (PPS, Presentation Processing Software) 2.1.7.1.4.     Графикалық редактор (GES, Graphic Editing Software) 2.1.7.1.5.     Жоспарлаушы күнтізбе (PIM, Personal Information Manager) 2.1.7.1.6.     Органайзерді басқару құралдары (CTMS, Contact Manager Software) 2.1.7.1.7.     Аударма құралдары (TT, Translation Tools) 2.1.7.1.8.     Файлдық менеджерлер (FMT, File Management Tools) 2.1.7.2.     Веб-браузер (WBS, Web Browser Software) 2.1.7.3.     Файлдарды жіберу құралдары (MFTS, Managed File Transfer Software) 2.1.8.     Ұжымдық жұмыстар құралдары (CSCW, Computer-Supported Cooperative Work) 2.1.8.1.     Бейнеконференциялар жүйесі (VCS, Video Conference System) 2.1.8.2.     Хабарламалармен шұғыл алмасу жүйесі (IMS, Instant Messaging System) 2.1.8.3.     Электрондық пошта алмасу құралдары (EMS, Electronic Mail Software) 2.1.8.4.     Корпоративтік ақпараттық портал (EIP, Enterprise Information Portal) 2.1.8.5.     Блог және баспа платформасы (BPP, Blogging and Publishing Platforms) 2.1.8.6.     Әлеуметтік коммуникациялардың корпоративтік құралы (ESNS, Enterprise Social Networking Software) 2.2.     Мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру 2.2.1.     Мемлекеттік басқару 2.2.1.1.     Мемлекеттік қызметтер және рұқсат беру құжаттары 2.2.1.2.     Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 2.2.1.3.     Мемлекеттің қарыздары мен міндеттемелерін басқару 2.2.1.4.     Бақылау және қадағалау 2.2.2.     Азаматтық, миграция және иммиграция 2.2.3.     Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2.2.4.     Денсаулық қорғау 2.2.5.     Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары 2.2.6.     Халықаралық қатынастар 2.2.7.     Ғылым және инновациялар 2.2.8.     Ұлттық қауіпсіздік 2.2.9.     Білім беру 2.2.10.     Қоршаған ортаны қорғау 2.2.11.     Құқықтық тәртіпті қорғау 2.2.12.     Табиғат қорлары 2.2.13.     Өнеркәсіп 2.2.14.     Телекоммуникациялар, байланыс және пошта қызметтері 2.2.15.     Ауыл шаруашылығы 2.2.16.     Халықты әлеуметтік қамсыздандыру 2.2.17.     Спорт 2.2.18.     Туризм 2.2.19.     Сауда 2.2.20.     Көлік және қаттап тастау 2.2.21.     Халықты жұмысқа орналастыру және еңбекпен қамту 2.2.22.     Қаржы және экономикалық даму 2.2.23.     Энергетика 2.2.24.     Әділет 3. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру 3.1.     Операциялық жүйелер (OS, Operation System) 3.2.     Бұлтты инфрақұрылымды және виртуализацияны басқару құралдары (CVMS, Cloud and Virtualization Management Software) 3.2.1.     Бұлтты инфрақұрылымды басқару құралдары (CIMS, Cloud Infrastructure Management Software) 3.2.2.     Аппараттық виртуализация құралдары (HVS, Hardware Virtualization Software) 3.2.3.     Бағдарламалық виртуализация құралдары (SWVS, SoftWare Virtualization Software) 3.2.4.     Деректер қоймаларын виртуализациялау құралдары (STVS, STorage Virtualization Software) 3.3.     Корпоративтік мобильдік құрылғыларды басқару (EMM, Enterprise Mobile Management) 3.3.1.     Корпоративтік мобильдік қосымшаларға арналған платформа (MEAP, Mobile Enterprise Application Platform) 3.3.2.     Мобильдік құрылғыларды басқару құралдары (MDMS, Mobile Device Management Software) 3.4.     Геоақпараттық жүйе (GIS, Geographic Information System ) 3.5.     Деректерді басқару (DM, Data Management) 3.5.1.     Деректер қорын басқару жүйесі (DBMS, Data Base Management System) 3.5.2.     Деректер қоймасы (DW, Data Warehouse) 3.5.3.     Негізгі деректерді басқару (MDM, Master Data Management) 3.5.4.     Нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқару (RDM, Reference Data Management) 3.5.5.     Контентті басқару жүйесі (CMS, Content Management System) 3.5.6.     Деректерді енгізу нысандарын басқару құралдары (EFMS, Electronic Forms Management Software) 3.5.7.     Құжаттарды ағындық тану құралдары (OCRS, Optical Character Recognition Services) 3.5.8.     Деректерді шығару, түрлендіру және жүктеу құралдары (ETLS, Extract Transform Load Services) 3.5.9.     Деректер сапасын басқару (DQM, Data Quality Management) 3.5.10.     Деректерді мұрағаттау құралдары (AMS, Archive Management Tools) 3.5.11.     Резервтік көшіру құралдары (BMS, Backup Management Tools) 3.5.12.     Деректерді сақтауды оңтайландыру құралдары (SOT, Storage Optimization Tools) 3.5.13.     Деректерді жинау құралдары (DMT, Data Mining Tools) 3.5.14.     Деректерді конверсиялау құралдары (DCVT, Data ConVersion Tools) 3.5.15.     Деректерді қысу құралдары (DCT, Data Compression Tools) 3.6.     Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуді басқару (AMT, Application Management Tools) 3.6.1.     Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу құралдары (ADT, Application Development Tools) 3.6.2.     Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклын басқару құралдары (ALMS, AppLication Management Software) 3.6.3.     Бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу құралдары (ATS, Application Testing Software) 3.6.4.     Бағдарламалық қамсыздандырудың өнімділігін басқару құралдары (APMT, Application Performance Management Tools) 3.6.5.     Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды басқару құралдары (RMT, Requirements Management Tool) 3.6.6.     Бағдарламалық қамсыздандырудың сапасын басқару құралдары (QMSS, Quality Management System Software) 3.6.7.     Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау құралдары (CASE, Computer-Aided Software Engineering) 3.6.8.     Бағдарламалық қамсыздандырудың конфигурациясын басқару құралдары (SCM, Software Configuration Management) 3.6.8.1.     Нұсқаларда басқару жүйесі (VCS, Version Control Software) 3.7.     Интеграция және ақпараттық өзара әрекеттестік құралдары (IMS, Integration Managemen tSoftware) 3.7.1.     Корпоративтік қосымшалар интеграциясы (EAI, Enterprise Application Integration) 3.7.2.     Корпоративтік сервистік шина (ESB, Enterprise Service Bus) 3.7.3.     Хабарламалар кезегімен алмасу құралдары (MQS, Message Queue Software) 3.7.4.     Бизнес-үдерістер интеграциясы құралдары (BPIS, Business Process Integration Software) 3.7.5.     Бизнес-үдерістердің жай-күй мониторингі (BAMS, Business Activity Management System ) 3.8.     Бизнес-үдерістерді басқару (BPMS, Business Process Management System) 3.8.1.     Бизнес-қағидаларды басқару (BRMS, Business Rules Management System) 3.8.2.     Бизнес-үдерістерді талдау құралдары (BPAT, Business Process Analysis Tools) 3.9.     Қауіпсіздікті басқару (SMT, Security Management Tools) 3.9.1.     Ақпараттың тарап кетпеуінің алдын алу жүйесі (DLP, Data Leak Prevention) 3.9.2.     Кірулерді болдырмау жүйесі (HIPS, Host-based Intrusion Prevention System) 3.9.3.     Вируске қарсы құралдар (AVR, Antivirus) 3.9.4.     Спамға қарсы құралдары (ASGS, Anti-Spam Filter Software) 3.9.5.     Желіаралық экранның қауіпсіздік менеджері (FSM, Firewall Security Manager) 3.9.6.     Ішкі қатерлерден келетін құпия ақпаратты қорғау (IPC, Information Protection and Control) 3.9.7.     Сәйкестендіруді және қолждетімділікті басқару (IAM, Identity and Account Management) 3.9.8.     Желіні басқару және мониторингтеу құралдары (NNM,Network Node Manager) 3.9.9.     Диагностика құралдары (DT, Diagnostic Tools) 3.9.10.     Биометриялық сәйкестендіру жүйесі (BIDS, Biometric Identification System) 3.9.11.     Бейнебақылау жүйесі (VMS, Video Monitoring System) 3.9.12.     Каталогтар қызметі (ADS, Active Directory Service) 3.9.13.     Электрондық цифрлы қолтаңба инфрақұрылымы (PKI, Public Key Infrastracture) 3.9.14.     Ақпараттық қауіпсіздіктің инциденттері мен оқиғаларын басқару жүйелері (SIEM, Security Information and Event Management) 3.10.     Утилиттер (UTL, UTiLities) 3.10.1.     Кіріктірме бағдарламалық қамсыздандыру (FWR, FirmWaRe) 3.10.2.     Бірыңғай уақыт жүйесі (CTSS, Compatible Time-Sharing System) 4. Деректерді өңдеу және сақтаудың аппараттық құралдары 4.1.     Деректерді өңдеу құралдары 4.1.1.     Кіріктірме компьютер 4.1.2.     Консоль 4.1.3.     Мобильді телефон 4.1.4.     Моноблок 4.1.5.     Мэйнфрейм 4.1.6.     Нетбук 4.1.7.     Ноутбук 4.1.8.     Планшет 4.1.9.     Жұмыс станциясы 4.1.10.     Сервер 4.1.11.     Жұқа клиент 4.2.     Деректерді сақтау құралдары 4.2.1.     Деректерді сақтау жүйесі 4.2.2.     Деректерді желілік жинақтаушы 4.2.3.     Ленталық библиотека 4.2.4.     Сыртқы қатты диск 5. Деректерлі басып шығу және көшіру құралдары 5.1.     Көшіру аппараты 5.2.     Мультифункционалды құрылғы 5.3.     Плоттер 5.4.     Принтер 5.5.     Сканер 5.6.     Факсимильді аппарат 5.7.     Ламинатор 5.8.     Мұқабаға арналған машина 5.9.     Шредер (қағаз жойғыш) 6. Серверлік орынжай және оның инженерлік инфрақұрылымы 6.1.     Аккумуляторлық батарея 6.2.     Дизель-генератор 6.3.     Үздіксіз қоректендіру көзі 6.4.     Кондиционер 6.5.     Резервтік қоректендіру көзі 6.6.     Желілік фильтр 6.7.     Бейнеқадағалау жүйесі 6.8.     Қолжетімділікті бақылау жүйесі 6.9.     Салқындату жүйесі 6.10.     Өрт сөндіру жүйесі 6.11.     Серверлік шкаф 6.12.     Телекоммуникациялық шкаф 6.13.     Электр тарату жабдығы 7. Байланыс каналдары және телекоммуникациялық инфрақұрылым 7.1.     Автоматтық телефон станциясы 7.2.     Шуыл генераторы 7.3.     Коммутациялық панель 7.4.     Бағдарлағыш 7.5.     Модем 7.6.     Желілік кабель (коммутациялық шнур) 7.7.     Желілік коммутатор 7.8.     Желілік концентратор 7.9.     Радиоэлектрлік басу жүйелері 7.10.     Телефон аппараты 7.11.     Телефон фильтрі 7.12.     Ішкі байланыс құрылғылары (интерком, домофон) Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидасына 2-қосымша Ақпараттандыру объектілерін сыныптау схемасы 1. Электрондық ақпараттық ресурсты сыныптау схемасы: Электрондық ақпараттық ресурс үшін сақталатын ақпараттың ауқымдылығымен, тұтастығымен және маңыздылығымен айқындалатын 3 сынып белгіленеді, оның ішінде: 1 сынып (ең жоғары): алғашқы және (немесе) эталонды электрондық ақпараттық ресурс – электрондық ақпараттық ресурстың қолжетімсіздігі, жойылуы немесе жарамсыздығы елеулі жағымсыз әлеуметтік, саяси немесе экономикалық салдарға және электрондық ақпараттық ресурсты пайдаланушы үшін функциялардың бөлігін орындау мүмкінсіздігіне әкеледі; 2 сынып: қайталама электрондық ақпараттық ресурс – электрондық ақпараттық ресурстың қол­жетімсіздігі, жойылуы немесе жарамсыздығы орташа жағымсыз әлеуметтік, саяси немесе экономикалық салдарға, өнімділіктің төмендеуіне және (немесе) электрондық ақпараттық ресурсты пайдаланушы үшін функциялардың бөлігін орындау мүмкінсіздігіне әкеледі; 3 сынып (ең төмен): операциялық немесе туынды электрондық ақпараттық ресурс – электрондық ақпараттық ресурстың қолжетімсіздігі, жойылуы немесе жарамсыздығы электрондық ақпараттық ресурсты пайдаланушы үшін елеулі салдарға әкелмейді. «Электрондық ақпараттық ресурс» 1-сана­тының сыныптамалық сипаттамасы     Ауқымы    Тұтастығы    Маңыздылығы Сынып деңгейі     Жоғары [2.1;3]    Орташа [1.1;2]    Төмен [0.5;1]    Жоғары [2,6;3,5]    Орташа [1,4;2,5]    Төмен [0,4;1,3]    Жоғары [3,6;4,5]    Орташа [2,5;3,5]    Төмен [1,2;2,4] Алғашқы және эталонды электрондық ақпараттық ресурс    X            X        X Қайталама электрондық ақпараттық ресурс        X            X    X Операциялық немесе туынды электрондық ақпараттық ресурс            X        X        X 2. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сыныптау схемасы: Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру функционалдығының қамтумен, күрделілігімен, маңыздылығымен және құндылығымен сәйкес айқындалатын қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру үшін 3 сынып белгіленеді, оның ішінде: 1 сынып (ең жоғары): басымдығы жоғары қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру – аса маңызды ақпараттық жүйелері, интернет-ресурстары мен бағдарламалық өнімдері жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының жеке салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақтарда тұрып жатқан халықтың тіршілік әрекетіне елеулі жағымсыз салдарға әкеледі; 2 сынып: басымдығы орташа қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру – ауқымды ведомс­тво­аралық және ведомстволық ақпараттық жүйелер, интернет-ресурстар мен бағдарламалық өнімдер, олардың істен шығуы бір немесе бірнеше мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің және нәтижелілігінің төмендеуіне әкеледі және Қазақстан Республикасының үкіметіне, азаматтарына және коммерциялық ұйымдарына материалдық залал келтіруі мүмкін; 3 сынып (ең төмен): басымдығы төмен қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру – ведомстволық үлгілік ақпараттық жүйелер, интернет-ресурстар мен пайдаланушылық бағдарламалық өнімдер, олардың істен шығуы бір мемлекеттік органның немесе оның жеке құрылымдық бөлімшесінің қызметіне ең төмен әсер етеді. «Қолданбалы бағдарлама­лық қамсыздан­дыру» 2-санатының сынып­тама­лық сипаттамасы     Қамтуы    Күрделілігі    Маңыздылығы    Құндылығы Сынып деңгейі     Жоғары [1.6;2.5]    Орташа [1.1;1.5]    Төмен [0.6;1]    Жоғары [2.1;3]    Орташа [1.1;2]    Төмен [0.4;1]    Жоғары [3.1;4]    Орташа [2.1;3]    Төмен [0.5;2]    Жоғары [2.6;3.5]    Орташа [1.6;2.5]    Төмен [0.2;1.5] Басымдығы жоғары қолданбалы бағдар­ламалық қамсыздан­дыру    X            X        X        X Басымдығы орташа қолданбалы бағдарлама­лық қам­сыздандыру        X            X        X        X Басымдығы төмен қолданбалы бағдарлама­лық қамсыздан­дыру        X        X            X            X 3. Жалпы жүйелік және қамсыздандыру қамтамасыз етуді сыныптау схемасы: Жалпы жүйелік және қамсыздандыру қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің қуаттылығы мен әмбебаптығына сәйкес айқындалатын 3 топ белгіленеді: 1 сынып (ең жоғары): тұғырнамалық және қамсыздандыру қамтамасыз ету – 1 және 2 топтағы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және пайдалануға бағытталған өнеркәсіптік ауқымды бағдарламалық қмтамасыз ету; 2 сынып (ең төмен): жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету – кіші жұмыс топтары мен жеке жұмыс станцияларының, сондай-ақ 3 топтағы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық қамтамасыз ету. «Жалпы жүйелік және қамсыздандыру қамтамасыз ету» 3 санаттың сыныптау сипаттамасы     Қуаты    Әмбебаптылығы Топ деңгейі     Жоғары [2,6;3]    Орташа [1,4;2,5]    Төмен [1;1,3]    Жоғары [2,7;3,5]    Орташа [1,8;2,6]    Төмен [1;1,7] Тұғырнамалық және қамсыздандыру қамтамасыз ету    X        X Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету            X    X 4. Деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары сыныптамасының сызбасы: Қуаты мен сенімділігіне сәйкес айқындалатын деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары үшін 3 сынып белгіленеді, оның ішінде: 1 сынып (ең жоғары): Өнімділігі жоғары деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары – өнімділік пен сенімділіктің жоғары деңгейі бар жабдықтар; 2 сынып: Өнімділігі орташа деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары – өнімділіктың орташа статистикалық сипаттамасы мен сенімділікке арнайы талаптары бар жабдықтар; 3 сынып (ең төменгі): Өнімділігі төмен деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары – өнімділік сипаттамасының заманауи талаптарына сәйкес келмейтін және сенімділікке арнайы талаптары жоқ жабдықтар. «Деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары» 3-санатының сыныптамалық сипаттамасы    Қуаты    Сенімділігі Сынып деңгейі     Жоғары [2.6;3.5]    Орта [1.6;2.5]    Төмен [0.3;1.5]    Жоғары [2.1;2.5]    Орта [1.1;2]    Төмен [0.2;1] Өнімділігі жоғары деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары    X            X Өнімділігі орташа деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары        X        X Өнімділігі төмен деректерді өңдеу мен сақтаудың аппараттық құралдары            X        X 4. Құжаттарды басып шығару және көшіру схемасы: Құжаттарды басып шығару және көшіру құралдары үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің қуаттылығы мен әмбебаптығына сәйкес айқындалатын 3 топ белгіленеді, соның ішінде: 1 сынып (өте жоғары): Құжаттарды басып шығару және көшірудің жоғары өнімді құралдары: аралас міндеттерді шешуге арналған жоғары қуатты және әмбебеп жабдық; 2 сынып: Құжаттарды басып шығару және көшірудің орташа өнімді құралдары: орташа статистикалық қуат сипаттамалары мен операциялардың әмбебаптылығына қойылатын бірыңғай талаптары бар жабдық; 3 сынып (ең төмен): Құжаттарды басып шығару және көшірудің төмен өнімді құралдары: қуаты жоғары емес және әмбебаптығы кеңейтілмеген жабдық. «Құжаттарды басып шығару және көшіру құралдары» 5 санаттың сыныптау сипаттамасы    Қуаты    Әмбебаптылығы Сынып деңгейі     Жоғары [2,2;3]    Орташа [1,2;2,1]    Төмен [0,9;1,1]    Жоғары [2,6;3]    Орташа [1,6;2,5]    Төмен [1,1;1,5] Құжаттарды басып шығару және көшірудің жоғары өнімді құралдары    X            X Құжаттарды басып шығару және көшірудің орташа өнімді құралдары        X        X Құжаттарды басып шығару және көшірудің төмен өнімді құралдары            X        X 6. Серверлік үй-жай мен оның инженерлік инфрақұрылымын сыныптау схемасы Ауқымына, қуаты мен сенімділігіне сәйкес айқындалатын серверлік үй-жай мен оның инженерлік инфрақұрылымы үшін 2 сынып белгіленеді, оның ішінде: 1 сынып (ең жоғары): – Деректерді өңдеудің базалық орталықтары – ықтимал даму және физикалық қауіпсіздіктің тиісті деңгейі үшін қажетті қуаты, салқындауы, сенімділігі, кеңістігі бар, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-техникалық тааптар мен озық тәжірибелерге сәйкес республикалық және жергілікті деңгейде кең ауқымды клиенттер тобы үшін қызметтер ұсынуды сүйемелдейтін серверлік үй-жайлар; 2 сынып (ең төмен): Деректерді өңдеудің қосалқы орталықтары – ауқымы шектеулі және қажетті сипаттамалары және мүмкіндіктер мен ұсынылатын қызметтердің кең ауқымды жиынтығы жоқ тар шеңберде мамандандырылған қолдануы бар серверлік үй-жайлар; «Серверлік үй-жай мен оның инженерлік инфрақұрылымы» 3-санатының сыныпта­малық сипаттамасы    Ауқымы    Қуаты    Сенімділігі Сынып деңгейі     Жоғары [2.6;4]    Орта [0.8;2.5]    Төмен [0.7;1.5]    Жоғары [2.6;4]    Орта [2.1;2.5]    Төмен [1;2]    Жоғары [1.6;2]    Орта [0.9;1.5]    Төмен [0;0.8] Деректерді өңдеудің базалық орталықтары    X            X        X Деректерді өңдеудің қосалқы орталықтары        X        X        X 5. Байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылымды сыныптау схемасы Ауқымына, қуаты мен сенімділігіне сәйкес айқындалатын байланыс арналары мен телекомму­ника­циялық инфрақұрылым үшін 3 сынып белгіленеді, оның ішінде: 1 сынып (ең жоғары): Басымдылығы жоғары байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылым – мемлекет және (немесе) ұйым үшін маңыздылығының жоғары деңгейі бар ауқымды, өнімді және сенімді байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылым; 2 сынып: Басымдылығы орташа байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылым – мемлекет және (немесе) ұйым үшін маңыздылығының орта деңгейі бар ауқымы мен қуаты шектеуі тар шеңбер мамандандырылған байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылым; 3 сынып (ең төмен): Басымдылығы төмен байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфра­құрылым – мемлекет және (немесе) ұйым ауқымында басымдылығы мен маңыздылығы төмен жергілікті және ведомстволық байланыс арналары мен телекоммуникациялық инфрақұрылым; «Байланыс арналары мен телекоммуни- кациялық инфрақұрылым» 7 санаттың сыныптау сипаттамасы    Ауқымы    Қуаты    Сенімділігі Сынып деңгейі     Жоғары [1.5;2]    Орта [1;1.4]    Төмен [0.2;0.9]    Жоғары [2.1;3]    Орта [1.1;2]    Төмен [0.3;1]