• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2011

Жаңа емхана мен диспансер

468 рет
көрсетілді

Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында Атырауда жоспарланған нысандардың бірқатары аудандарда салынды. Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Махамбет аудан­да­рын­да бір мезгілде 250 адамды қабыл­дай­тын екі қабатты емхана ғимараттары бой көтерсе, Жылыой мен Махамбет аудандарында тиісінше 75 және 100 орындық өкпе аурулары диспансерлері пайдалануға берілді. Аудандардағы емханалардың қа­ла­дағыдан еш кемдігі жоқ. Мәселен, Махамбет ауданында бір күнде ашылған қос нысан – емхана мен өкпе аурулары диспансеріндегі құрал-жабдықтар бү­гін­гі талапқа сай. Аудан әкімі Өмірзақ Зинуллиннің айтуынша, жаңа нысан­дар­ға табиғи газ, таза су желілері тар­ты­лып, ең озық жабдықтар алынған. Ем­ха­наға жұмысқа жаңадан қабыл­дан­ған 10 дәрігерге баспана беріліпті. Енді 20-ға жуық медбике жұмысқа қабыл­дан­бақ. Ауданаралық өкпе аурулары диспансерінде сырқаттардың ем алуына барлық жағдай қарастырылған. Айтқандай, Исатай ауданында 250 орындық емхана тұрғындарға медици­на­лық қызмет көрсете бастаса, Жылыой ауданында 75 орынға есептелген өкпе ау­рулары диспансері пайдалануға берілді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.