• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2016

«Қызылорда-Жезқазған» пойызы жолға шықты

666 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 наурыз. Бүгін Сыр елінен «Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты. Айта кетейік, бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қызылорда – Жезқазған» пойызы былтыр ғана қолданысқа берілген «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» жаңа теміржолы үстімен жүреді. Жаңа пойыз Қызылорда облысының солтүстігінде орналасқан 65 станция арқылы өтеді. Енді қызылордалықтар Сарыарқа өлкесіне бір тәулікте пойызбен тікелей бара алады. Жаңа жолаушылар пойызы 5 вагоннан тұрады. Билеттердің де бағасы тиімді. Мәселен, жолаушы Баян Әлімова бұрын Жезқазғанға автобус арқылы қатынаған. Ол темір жолдың тиімді тұстары көп екендігін айтады. Айта кетейік, екі өңір арасындағы байланысты нығайту мақсатында биыл «Қызылорда-Жезқазған» арасындағы жолды асфальттау жұмыстары басталады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz