АЛМАТЫ. 15 наурыз. Қаланың 1000 жылдығына орай «1000 қайырымды іс» жобасының аясында «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілішісі хабарлады.
Орталықтың ішінде сұлулық салоны, кір жуатын орын, кітап дүкені, фотостудия, медициналық орындар, студенттік кафе, дәріхана, тігін бөлмесі, сондай-ақ, аяқ киім шеберханасы да жұмыс істейді. Орталық Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бақуатты қоғам құру» тұжырымдамасын негізге ала отырып жүзеге асты.
Жаңа ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған. Өткен жылы осындай тәсілмен жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға берілсе, алдағы жылы бассаейндер де іске қосылатын болады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі.