• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2016

Орны бөлек орталық

483 рет
көрсетілді

Қазақстанда жаңа мәдени мекеме – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК құрылды. Бұл ғылыми мекеменің директоры қызметін атқарушы болып Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшысы Карл Байпақов тағайындалды. Мәдениеттерді жақын­дас­тыру орталығы қызметінің басты мақсаты музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анық­тау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау болып табылады. Сон­дай-ақ мекеме ұлттық мұраны, оның ішінде Қазақстан Рес­публикасының мәдени мұра нысандарын сақтау және пайдалану саласында қолданбалы, жобалық, ізденістік, ғылыми зерттеулерді жүргізеді. Жаңа ғылыми мекеменің басшысы Карл Молдахметұлы Бай­­пақов – Қазақстан мен О­рталық Азиядағы орта ғасыр археологиясы саласының маманы. Ол археология жәдігерлерінің сақталуы мен қорғалуына зор үлес қосқан білікті маман. Карл Байпақов халықаралық ғылыми ізденістерінің басты бағытына Ұлы Жібек жолын оның Еу­ра­зия мемлекеттерімен саяси, эко­номикалық және мәдени бай­ланыстар аясында зерттеу мәсе­ле­лері жатады. 2006 жылдан бері «Ұлы Жібек жо­лы» транс­ше­каралық номинациясын дайындау бойынша ЮНЕСКО-ның халық­аралық сарапшысы болып келеді.  Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».