• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2016

АҚШ байқаушыларымен кездесті Кеше Қазақстан Республикасында

229 рет
көрсетілді

Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия (СБРҚК) штабында СБРҚК мүшелері АҚШ-тан келген тәуелсіз байқаушылар – «Wikistrat» талдамалық қоғамдастығының сарапшысы Ричард Вейтц және «Jamestown Foundation» зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Владимир Сокормен кездесті. Кездесу барысында СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов АҚШ өкілдеріне өздерінің атқарып отырған қызметі мен байқаушыларды даярлау бойынша қолға алынған жұмыстар, сайлау науқанын сараптаудың ағымдағы нәтижелері жайлы айтып берді. – Тәуелсіз қоғамдық байқаудың міндеті – сайлау үдерісінің әділ өтуін барынша қамтамасыз ету және барлық заңнамалық нормаларды сақтау. Комиссия жұмысының ауқымы өте кең. Біз барлық сайлау үдерісінің барысында үгіт материалдарын жинауды және талдауды жүргізіп, ақпараттық бағдарламаларға, интернет жарияланымдарға, мерзімді баспасөздерге сараптама жасадық. Байқаушыларды дайындадық. Әрбір қалада, ауданда көптеген семинар-тренингтер өткізіліп, байқаушыларға құқықтары мен міндеттері, өкілеттіліктері мен жауапкершіліктері түсіндірілді. Біздің сараптамамыздың нәтижелері туралы сөз етсек, құқықтық өрістен тыс шыққан деректер байқалған жоқ, – деді Нұрлан Ерімбетов. Өз кезегінде АҚШ-тан келген байқаушылар транспарентті және бәсекелі сайлауды қамтамасыз ету бағытында байқау институтының маңыздылығына тоқталды. Олар Қазақстандағы осы сайлау науқанының ұйымдастырылуына және барысына, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия қызметіне оң баға берді. Сонымен қатар, АҚШ байқаушылары СБРҚК-мен өзара түсіністікпен бірлесе жұмыс істеуге, сайлауды байқау бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе алмасуға әзір екендерін білдірді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».