АСТАНА.19 наурыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Дондағы Ростов әуежайында Boeing жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жеделхатта Қазақстан Президенті қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Елбасы қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қайғырып көңіл айтты.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: akorda.kz