АСТАНА. 20 наурыз. Түркияның Ыстамбұл қаласында лаңкестік әрекеттен 5 адам қаза тауып, 20 адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жараланғандар ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 3 адамның жағдайы тым ауыр. Алғаш болып зардап шеккендер жайлы қала губернаторы Васип Шахин мәлімдеді. Оқиға Таксим алаңындағы Ыстыклал көшесінде болған. Көпшілік жиналған жерде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: 24.kz.