• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Мексикада тұмаудың асқынған түрінен 95 адам қайтыс болды

226 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Мексикада соңғы бір аптаның көлемінде тұмау ауруынан 95 адам қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мексиканың денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен жылдың қазан айынан бүгінге дейін қайтыс болғандардың саны 277 адамға артқан. Ал елде жалпы саны 7,2 мың адам тұмау ауруына шалдыққан. Олардың басым бөлігі Мехико, Халиско, Тласкала және Пуэбла штаттарының тұрғындары. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».